«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Қош келдің- Жаңа Жыл!!!»

28.12.2020

Тақырыбы: «Қош келдің- Жаңа Жыл!!!»

Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекіліктер: шырша , шарлар , суреттер, ойыншықтар.

Жүргізуші : - Армысыздар ардақты ағайын , қадірменді оқушылар !!!

Ағай: Сәлеметсіздерме «Қош келдің- Жаңа Жыл!!!» атты кешімізді тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Ағай: Балалар айтыңдаршы, мерекемізге кімдер жетіспей тұр? Аязата, Ақшақар!!!(хормен)

Аяз Ата:
Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.

Ақшақар

Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Құтты болсын Жаңа Жыл!!!(хормен)

Ағай: Балалар, бізге қай жыл келе жатыр? Оқушылар: Сиыр жылы 

Жаңа Жылға тілек, армандарымыз болса айта кетейікші (микрафонмен)
Ағай: Жарайсыңдар!!!! Балалар енді ескі жылымыз -тышқан жылымен де қоштасатын уақыт келіп жетті, Жаңа жыл-сиыр жылын қарсалайық қане !!!

Сиыр жылы:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

 

Жаңа жыл: 

Амансыңдарма балалар,

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Ағай: Жарайсың!

Жаңа Жыл-жаңа қадам , жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт,

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт

Келіп, міне, жатырмыз қауқылдасып.

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары

Ғасырдың он екінші жылы келді

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары. Ал ондай болса балалардың тақпақтарына да кезек берейік:

1.Адина

Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

2.Алдияр:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге жаңа жылда арайлы!
3. Әміржан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
4.Дамир:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
5.Ғазиза:

Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!

6. Нұрислам
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Ағай : ақшақар бізге бір нәрсе айтқысы келетін сияқты. Сұрап көреміз бе?

Ақшақар! Қысылма

Ақшақар: «Жалғасын тап» ойыны
Мен білемін бір ойын

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер- аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр............Жаңа жыл!
Ақшақар:

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге..................Аязата!
Ақшақар:

Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......................Әдемі!
Ақшақар:

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.........Жаңа жыл! (3 рет)
Ағай: Жарайсың Ақшақар!!!  сен қалай ойлайсың? Жаңа Жылда қазақтың ұлттық биін билемей кетсек , ұят болады ғой :

Жүргізуші: Иа , ағай дұрыс айтасыз.

Ағай: Ондай болса «Жаңа жыл» әнін тыңдайық.

 «Жұмбақ жасыру» ойыны:

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата) 

Қыста жерді жауып кетті,

Ал көктемде ағып кетті. (Қар) 

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша) 

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip түсте (Шырша)

Айналып жүріп шыршаны,

Барлық адам ән салды.

Барлығы да шаттанып,

Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Ағай: Көп көп рахмет.... Ал енді кешімізді «Ыстық орындық» ойынымен жалғастырайық ...

Ағай: Аяз ата мен Ақшақардың қайтатын уақыты болды. Соңғы бимен шығарып салайық.

Оқушылар : Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақшақар. Осымен кешіміз аяқталды, келесі кездескенше аман сау болыңыздар.

 

Просмотров: 2217


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст