Хаттама
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің «Кең ауылының негізгі орта мектебі КММ»
2021 жылғы 5 наурыздағы
Қатысқандар: 8 адам
Қатыспағандар: 1 адам
Күн тәртібі
1. «Кең ауылының " Негізгі орта мектебі КММ-нің» оқу – тәрбие қызметі және Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету туралы" мектеп директоры Ж.Б. Кадировтың 2020 жылғы қыркүйек - 2021 жылғы қаңтар айына есебі.
"1 қыркүйектен бастап мектептегі оқу - тәрбие процесі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде өтуде. 1 қаңтардағы жағдай бойынша оқушылар контингенті 38 оқушыны құрайды. Осылайша мектепте 11 сынып жиынтығы бар. Оқу үдерісін 19 мұғалім жүзеге асырады, оның ішінде 16 мұғалім жоғары білімді, 3 мұғалім орта арнайы білімі бар. Бірінші жартыжылдықтағы үлгерім пайызы - 100%, білім сапасы -50% 2021 жылы мектепті 2 оқушы бітіреді.
2021 жылдың 1 қаңтарына 12 оқушыдан жеңілдікпен тегін тамақтануға құжаттар дайындалды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп, сондай-ақ аудан және облыс бойынша түрлі оқу-тәрбие іс-шаралары өткізілді, онда біздің мектептің оқушылары қатысты: ( Ақ бота - 4 жүлделі орын, аудандық пәндік олимпиада - 1 жүлделі орын) 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін мектептің материалдық-техникалық базасы 14 ноутбукпен (12 республикалық бюджеттен, 2 аудандық бюджеттен) 2 компьютерден, 2 планшеттен толықтырылды.
Мектеп бойынша 7 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады (аттестаттың түпнұсқасын беру, педагогтарды аттестаттау, 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау, оқушыны мектептен басқа мектепке ауыстыру, оқушыларды тасымалдау, тегін жеңілдікпен тамақтандырумен қамту, оқушылардың жекелеген санаттары үшін жазғы демалысты ұйымдастыру). Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Шешім: Мектеп директоры Ж. Б. Кадировтың есебін тыңдағаннан кейін мектептің Қамқоршылық кеңесі бірінші жартыжылдықтағы мектеп әкімшілігінің жұмысын қанағаттанарлық деп санайды.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Втюрин С. Н.
Кеңес мүшелері: Дудин Ю. С.
Ағайдарова А. Б.
Алясхаров Б. Б.
Макашева А. А.
Мұқанов Р.
Малжанбаева Г. К.
Тарковская И. П.