«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дұрыс тамақтану" сынып сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дұрыс тамақтанудың ережелері»

Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен таныстыру;

оқушылардың сөздік қорларын дамыту;

оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Барысы:

Тәрбиеші: Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс тамақтану. Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Тамақтану- адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің десаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.

hello_html_7da32f01.jpghello_html_m35fe951f.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамақтану мәдениеті

  1. Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.

  2. Тамақты жие қабылдау, майлы, тәтті, тұзды тағамдарды пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі де әсер етеді.

3.Тамақ жеп отырғанда өзіңді жақсы ұста. Тамақ ішкен кезде сөйлеме, тамақты жақсылап шайнап асықпай, әдептілік сақтап іш.

hello_html_m7bd35d49.jpghello_html_637ef792.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тамақтану ережесі

Денсаулығын жақсы болу үшін тамақтану ережесін сақтау керек. Тамақта әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді.

Тамақтану режімін сақта.

Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу.

Тамақ әртүрлі жаңа өнімдер мен жеміс-жидектерден тұруы тиіс.

Қант пен тәтті тағамдарды аз пайдалан.

Ащы тағамдарды көп жеме.

Тамақты асықпай жақсылап шайнап жеу керек.

Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолыңды сермеп жаныңдағыларды алаңдатарлықтай әңгіме айтпа, теледидар қарап, газет оқыма.

Тамақ ішіп болған соң міндетті түрде рахмет айт.

Пайдалы тамақтар: Майы аз ет, айран, балық, нан, өсімдік майы, сәбіз, пияз, орамжапырақ

Пайдасыз тамақтар: фанта, бәліш, кока-кола, чипсы, сникерс, шоколад, тәтті нандар, майлы қуырылған ет.

Дәрумендер

Ағзаға тағам арқылы енетін белоктардың, минералды тұздардың, майлардың, көмірсутегінің алмасуын тездететін заттар – дәрумендер. әрқайсысының өз атқарар қызметі бар дәрумендер қай жастағы адамға да қажет.

А дәрумені мал өнімдерінде болады. әсіресе бүйрек, бауырда, жұмыртқаның сары уызында, сүт тағамдарында мол. А дәрумені жетіспегенде адамның көру қабілеті төмендеп, заттың түсін ажырата алмайды. Шашы түсіп, терісі құрғап кетеді.

В дәрумені жетіспегенде асқазан, ішек жаралары пайда болады, жүйке жүйесі зақымданып, адам сал болып қалуы мүмкін. Ет, сүт, балық тағамдарын, жұмыртқаны аз пайдаланса, В дәруменінің жетіспеушілігі байқалады.

Е дәрумені жетіспеуінен бұлшық ет солып, адам семе бастайды, дистрофия ауруына ұшырайды. Е дәрумені мал өнімдерінде, көкөністерде кездеседі.

С дәрумені жеміс-жидектен, алмадан, лимоннан, итмұрын, қарақат, шиеден табылады. С дәрумені жетіспегенде адамның жұмысқа қабілеті төмендейді. Ұйқысы бұзылып, тәбеті кемиді, суыққа оңай бой алдырады.

Д дәрумені балық майында, жемістерде болады. Д дәрумені жетіспегенде тұздар ағзаға сіңбей бала мешел ауруына шалдығуы мүмкін. Бойының, тісінің өсуі тоқтап, сүйектері қатаймай, аяқтары қисық өседі.

Жаңартылған күні: 20.10.2021 21:45
Құрылған күні: 20.10.2021 21:45

Текст