«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

«Кең  ауылының негізгі орта мектебі» КММ- де

 «Асуларды алады  жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» 

                                       түлектер кездесуі туралы ақпарат

      Оқушының саналы түрде мамандық тандауы - бұл көптеген факторлардың және сол оқушының әлемге көзқарасының қалыптасуымен байланысты құрделі де ұзақ процесс. Мұнда адамның болашақта кім болуын, қандай қоғамдық топта болуын, қайда және кімдермен жұмыс істейтінін және өмір сүрудің қай стилін таңдауын т.с.с айқындайды. Оқушылардың кәсіби жарамдылығы, медициналық, білімдік, әлеуметтік саяси және психологиялық іріктеу жүргізумен бағаланады.
         Адам өмірінде ең бір ұмытылмас шақтар: ол мектеп қабырғасында ешбір қамсыз өткен аяулы шақтар.Қандай да бір пенде болмасын өзін бір кездері білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебіне өзін оқытқан аяулы ұстаздарына , сыныптас достарына арада қаншама жыл өтсе де сағынышпен аңсап жетері сөзсіз.  Осындай сағынышты кездесу жуырда «Кең  ауылының негізгі орта мектебі» КММ- де    өтті. Бұл мектепте  12- қаңтар күні   «Асуларды алады  жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»

атты кеш өткізілді.  Бұл кездесуге мектебіміздің жас маманы, бастауыш сынып мұғалімі Куанышекова С.К., Костанай қаласында А.Байтұрсыновтың атындағы университетінің 2 курс студент Жанадилова Дильназ, Астана қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжінің 3 студенті Бөлтірік Аружан . Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Какенова С.С.  келген қонақтарды  оқушылармен таныстырды.  Түлектерге  мектеп өмірі  туралы видеоролик көрсетілді . Келесі кездесудің   кезеңі қонақтар өздерінің оқу орындары туралы  мағлұматтар берді. Оқушылар өз дайындаған  сұрақтарын қойды.

Сіздердің ең бірінші  оқуға барған сәттеріңіз қандай  болды?

Өз таңдауыңызбен мамандықты таңдадыңызба?

Грант алу үшін не істеу керек?

Сздің ең қызықты студенттік өміріңізде  сәттеріңіз?

Колледждің  оқуы немесе университеттің оқуы жеңіл ма?

       Бұл кездесу кеште , әртүрлі тапсырмалар орындатып, сұрақтарға жауап берумен басталды . Мектеп өмірінен есте қалған қызықты сәттерді еске алды. Оқушы кездегі суреттерінен слайд көрсетілді. Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Кездесу кезіндегі түлектерен оқушылар өз ойларын ортаға  салды.  Әр жылдың түлектері өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып жатты. Өздері тәлім алған ұстаздарын әркез еске алып, ол кісілердің кілең бір адамгершілігі жоғары , білгір жандар болғанын мақтан ететіндіктерін айтты. Олардың жақсылығын ілтипатпен еске алып , алғыстарын білдіретіндіктерін жеткізді   Біз де түлектерімізге сәттілік тілеп, әрқашан биіктерден көрініп , мектебіміздің мәртебесін көтере берсін демекпіз.

 

Жаңартылған күні: 19.01.2023 09:17
Құрылған күні: 19.01.2023 09:17

Текст