«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық сағатына» тезистер

Құрметті жас достар!

Слайд 1

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарымызға айтылған сөзінде: «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу» деген еді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті                          Қ.К. Тоқаев «Айқын» республикалық саяси-қоғамдық газетіне берген сұхбатында: «Жемқорлық мемлекеттің орнықты дамуына, ұлттық қауіпсіздкке қатер төндіреді. Жемқорлықпен күрес ымырасыз жүруі тиіс және бұл тек Үкіметтің ғана емес, әрбір адамның міндетіне, керек десеңіз парызына айналуы тиіс» деген еді.

Осыған орай, бүгін еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және басқа да өңірлерінде парасатты  жастарды тәрбиелеп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастардың бойында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында орта білім беру мекемелерінде жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағаты» іс-шарасы өткізлуде, бұл жұмыстарға біз арнайы мониторинг топтарының мүшелерін, қоғамдық, жастар ұйымдарының басшыларын да  қатыстырудамыз.

Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Агенттігі үшін әрқашан маңызды басымдық болып табылады.

Слайд 2

Биыл Мемлекет Басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін тәуелсіз құқық қорғау органы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылғанын білесіздер.

Агенттік ашықтық және есептілік қағидасын ұстана отырып, мемлекеттің ғана емес, қоғам мен азаматтардың алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді.

Как вам известно, в основе усиления противодействия коррупции и нашей ежедневной деятельности лежит идеология добропорядочности.

Добропорядочность – парасаттылық по-казахски или integrity по-английски – комплексное понятие, сочетающее в себе такие ценности, как честность, законность, неподкупность, благонадежность.

Это значит быть бескомпромиссно приверженным непоколебимым моральным и этическим принципам и ценностям.

Говоря о государственной службе, мы имеем ввиду также открытость, прозрачность и подотчетность обществу, атмосферу доверия, утверждение уважения к духу и букве закона.

Следуя передовому опыту, с учетом национальных особенностей мы выстроили свою модель развития инфраструктуры добропорядочности как во внутренней организационной культуре Агентства, так и в принимаемых системных мерах противодействия.

******

Как и прежде актуален тезис: «Начни с себя».

Отмечу, что все наши инициативы реализуются через призму ценностей, которые мы для себя четко определили.

А это справедливость, добропорядочность и доверие.

Доверие граждан – ключевой критерий в оценке качества, эффективности деятельности госоргана и действенности в его работе принципов добропорядочности.

 Азаматтардың сенімі -

Жалпы, еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағыттында жасалып жатқан пәрменді шараларды Халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр.

Мәселен, «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде Қазақстан 31 ұпай жинап, жемқорлықтың төменгі деңгейі аймағына кірді.

Бұл Қазақстанның рейтингте болған барлық уақытындағы ең жоғары көрсеткіш. Біз осы арқылы көршілес Ресей, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан жоғары болып отырмыз.  

Жалпы мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму бағытында барлық тиісті шараларды қабылдауда. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аудару маңызды.

Слайд 3

Өз кезегінде, Агенттік бастамасымен бүгінгі күні білім ошақтарында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда.

Еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылған.

Бұл клубтардың негізгі мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.                                                                                     Бұған қоса, барлық жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері ашылған.

Осы жобаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру.

Ал негізгі міндеттер ретінде келесілер айқындалған:

- білім беру ұйымдарының ашықтығы;

- академиялық адалдық;

- студенттер мен ұстаздар арасында жемқорлыққа қарсы мүлдем

төзбеушілікті қалыптастыру.

Слайд 4

Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет.

Бүгінгі күнгі «Адалдық сағаты» да сол жұмыстардың бастамасы. Еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері өңірлердегі аймақтық басқарма басшыларының оң қолы болып, өзіндік жастық креативпен, құлшыныспен қоғамдағы қатерлі дертің алдын-алу жұмыстарына да жұмылдыруларыңыз қажет.

Себебі, бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да: 2050 жылы                     30 дамыған елдің қатарына қосылған, экономикасы дамыған мемлекеттің бәсекеге қабілетті, парасатты мықты, саналы тұлғасын қалыптастыру.

 

Слайд 5

 Құрметті жастар, Сіздер еліміздің ертеңгі тірегісіздер.

Биылғы жыл - «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы. Рухани азғындалып бара жатыр деп айтылатын ғасырда өзінің ұлттық мүддесі үшін еңбек ететін, тарихын бағалайтын және болашаққа еш кіршіксіз сенетін рухты жастардың бары қуантады.

Сіздердің барлықтарыңыз көшбасшы, Отанымыздың болашақ бетке ұстар басқарушы, бизнес, ғылым, өнер саласының мамандары боларларыңызға сенімім мол.

Ол үшін Сіздер: өз позициясын көрсете білетін, тұлға болып қалыптасқан, өз Отанының алдыңғы қатардан көруге атсалысып, маңызды оқиғалардың куәгері, көшбасшылық қасиеттерді дамыта, «әріптестер» командасында қызмет ете білетін, мұқтаж адамдарға қол ұшын бере алатын, жетістікке жете алатын тұлға болып қалыптасу ісінде де озат болуларыңыз шарт.

Біліммен қаруланған, ақыл - парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болатындығына сеніміміз мол.

Слайд 6

«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» негізімен өтіп жатқан адалдық сағатына қош келдіңіздер!

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бүкіл Республика көлеміндегі барлық оқу орындарында бірыңғай «Адалдық сағаттары» өтіп жатыр.

Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған Агенттік ұстанымы жастар үшін маңызды бастама.

Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар қазақ болмысына жат емес.

Осы құндылықтардың арқасында туыстас тайпалар бірігіп, Қазақ хандығының негізі қаланды. Ұлан-асыр жеріміз, төл мәдениетіміз, тарихымыз сақталып, бізге аманат етіп тапсырылды.

Ғасырлар бойы қазақ хандарының билігін, елдің тұтастығын сақтаған Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы және Тәукеханның Жеті жарғысы да осы құндылықтармен түбірлес.

Міне, сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «ХХІ ғасырдағы әділдік – бұл ұлттық дамудың ең маңызды шарттарының бірі» деген болатын.

Бұл сөзге ел іші де, сырты да тыныш болсын, халықаралық жағдай жақсы болсын, дау-дамай, өкпе-наз, қастандық аз болсын деп тілейтін иманды жанның бәрі қосылады. Өйткені әділ бола білудің маңызы тереңде.

Кез-келген жағымсыз әрекеттер арыңды, ұятыңды, ақылыңды тұншықтырады. Ар, ұят, сана, ақыл – адамның жануардан ерекшеленетін ең жоғарғы сапасы.

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа, адалдыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

«Адамның ең аяулы өнегелі қасиеті - турашылдығы десек,  турашылдық сол әділдіктен нәр алады. Әділдіктің жоқтығынан ел азады. Адамдардың жасампаздық күші сарқылып,  биліктің іргесі шайқалады.

Сондықтан, жасөспірімдер бойына әділдік үшін күресті дарыта алсақ, ертеңге сеніммен қарауға болады» - деген Ш.Құдайбердіұлының сөзі өнегелі қасиеттің өрісін кеңейте түседі.

Адам болып туылған соң нағыз адами қасиеттерді бойына сақтап қалуы заңдылық.

Слайд 7

Бүгінде заман дамыған сайын, уақыттың да талабы ерекше. Сын, қауіп-қатерлер де  көп. Қоғамда адал, парасатты, саналы қоғам қалыптастыруда SWOT – анализ жасай келе бүгінгі күнгі қатерлерге көз жеткіздік.

  • Әлеуметтік-арнайы құлдырауды түзету;
  • Мамандар тапшылығы, жұмыс орындарының жоқтығы;
  • Ата-аналар тарапынан жұмыстың әлсіздігі;
  • Салғыртық, мәдениеттің төмендігі;
  • Әлеуметтік желілер;
  • Гибридтік соғыс

Слайд 8

ХХІ ғасырдың гибридтік соғысының матрицасын зерттей келе, қоғамда басқа салалармен салыстырғанда, әрбір тұлғаның өсіп-өркендеуі үшін дүниетанымдық көзқарастың орны ерекше. Әрбір жас- жеткіншектің қоғамда өзіндік орны бар, тұлға болып қалыптасуында тарихи сауатты, идеологиялық тәлім-тәрбие алған, экономикалық білім бар, әскери-патриоттық дайындығы бар кез-келген экстрималды жағдайға бейім, интеллектуалды тұлға болуы шарт. Бүгінгі күні, дамыған, цифрланған заманда жасанды интеллекті роботтар бәсекеге қабілетті тұлғаларға бәсеке екендігін де, шетелдік кинолар мен ақпараттық алаңдар да, мемлекеттер өзара гибридтік соғыстарды да бастап кеткендігін көрудеміз.

Осы тұста, дәлелді дабыл – бұл Қазақстанның ақпараттық өрісінің осалдығы. Балалар мен жасөспірімдердің көбінесе ұлттық  менталитетке жат шетелдік компьютерлік ойындарға, кино және бейне өнімдеріне тәуелділігінің артуы. Жастар санасына әсер ету арқылы жастар арасында Отандық мәдениетке нұсқан келтіретін, қызығушылық тулдыратын діни ұстанымдарға байланысты экстремистік мәлімдемелер санының көбеюі де бізді алаңдатады.

Парасат-пайымы кең, білікті де білімді, көзі ашық, саналы, адал жас ұрпақ жақсы мен жаманды ажырата алатын, ойын ашық жеткізе, өз ұстанымын дәлелдеп шығатын азаматтар болуы үшін бүгінгідей жиындардың қорытындысы да, бағасы әлем мойындаған Қазақстанның бәсекеге қабілетті, саналы ұрпағын қалыптастыру.

Құрметті жастар, Сіздерді елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын - ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деп сенемін және тілектеспін.

Құрметті оқушылар, бүгін бізге берілген Адалдық сабағымыз өз соңына жетті.

Осындай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» жыл сайын дәстүрлі түрде «Білім күнінде» бастау алып, жас буынның рухани болмысын кемелдендіру үшін жыл бойы жалғасатын болады.

Алдағы уақытта игі бастамаға еліміздің абыройын асқақатып жүрген ел мақтаныштары, зиялы қауым өкілдері және қоғам белсенділері де өз үлестерін қосады.  

 

 

Жаңартылған күні: 07.11.2019 22:51
Құрылған күні: 07.11.2019 22:51

Текст