«Кен ауылының негізгі орта мектебі» КММ даярлық сынып мұғалімі
Абаханова Көркемнің
жылдық есебі
2022-2023 оқу жылы
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы Жарқайын ауданы Кен негізгі мектебіне даярлық сынып мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Маған мектепалды даярлық тобына жетекшілік ету міндеті жүктелді. Дарялық тобында 6 оқушы.
Әдістемелік тақырыбым: Мектепалды даярлық тобында жаңаша әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары арқылы оқушылардың сөйлеу, түсіну дағдысын қалыптастыру.
Өзін – өзі жетілдіру тақырыбым: Мектепалды даярлық тобында жаңаша әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалану, үйрену жолдарың меңгеру.
Мектепалды даярлық тобы 5 сала бойынша жұмыс жасайды;
Денсаулық
Коммуникация
Шығармашылық
Әлеуметтік орта
Таным
Денсаулық саласы бойынша: Жыл басында балалар жүруді(тез, жылдам, аяқтың ұшымен, тізерлеп, жүгіру) біледі, бірақ баяу, сенімсіздік басым болатын. Қазіргі таңда балалар өзерін еркін ұстап жаттығудың түр-түрін жасауды біледі.Ойындар да үйренді.
Қатынас білім беру саласы бойынша: Жыл басында балалардың көпшілігі әріпті танымайтын, ойын ашық жеткізе алмайтын, ұяң болатын. Тілдері дұрыс дамымаған.Қазіргі таңда 42 әріп танып, дауысты-дауыссыз ажырата алады.Буындап оқи алады.Дыбыстық талдау жасай алады. Сөздерді оқи алады.
Шығармашылық білім беру саласы бойынша: Балалардың құзыреттілік көрсеткіштері өте жақсы, балалар әуенді мұғаліммен қосылып айта алады, мәтінді жылдам жаттайды, әуенімен орындай алады, әуенді жақсы қабылдайды.Өлең шумақтарды тез жаттай алады.
Әлеуметтік білім беру саласы бойынша: Барлық балалар өз беттерінше әрекет ете алады, достарымен сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста.
Таным білім беру саласы бойынша: Балалар 1 - 20 ға » дейінгі сандарды таниды, 1 - 20 дейін оң және кері санай алады.Сонымен қатар пішіндерді таниды, ажырата алады.Қосу ,азайту амалдарымен есептер шығара алады.Үлкен, кіші ,тең амалдармен тапсырмаларды орындай алады.
3.04-7.04.2023 уақыт аралығында «Бастауыш апталығы» өткізілді . Даярлық сыныппен 07.04 күні математика пәнінен «Пішіндер неге ұқсайды?» атты ашық сабақ өткіздім. Сонымен қатар 1-4 сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара өтілді.
Болашақта балаларым жақсы жетістіктерді бағындырар деген үміттемін, ұстаз ретінде балаларға жаңаша әдіс –тәсілдерді қолдану арқылы оқуға,жазуға, жақсы мен жаман ажырата білуге ,үлкенге құрмет-кішіге ізет етуді үйрете білдім.