«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие есебі

"Кең ауылының негізгі орта мектебі" КММ-нің 20232024оқу жылының   жылдық  атқарған тәрбие жұмыстарының

Е С Е Б І

 «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:

Жалпы  адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

     Міндеттері:

  1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
  2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  1. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
  2. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

  Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
  2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
  3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
  4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
  5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
  6. Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.

   

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бекітілген 2023-2024 оқу жылына жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Ұлттық құндылықтар бойынша ұйымдастырылған жылдық жоспарға сәйкес іс- шаралар өз уақытында өткізіліп отырды. Атап айтқанда, Ұлттық мүдде құндылығы бойынша: 1 қыркүйек - білім күні «Мектеп – мейірім мекені», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз ", «25 қазан – Республика күні» атты тәрбие сағаттары, Ар-ұят құндылығы бойынша «Отбасы – тәрбие бастауы», «Жүсіпбек Аймауытов туғанына 135 жыл», «Мағжан Жұмабаевқа 130 жыл» атты тәрбие сағаттары, «Қарттарым – асыл қазынам», «Ұстаз-ұлы есім» тақырыбында, Талап құндылығы бойынша «Жолда жүру ережесін сақтайық» «Адал ұрпақ» атты бейнекөрініс  жұмыстар жүргізілді. 8 қыркүйек күні 4-4,5 минуттық «дене шынықтыру минуты» челленджі Астана  уакыты бойынша 12:00 өткізілді.  Мақсаты: Спорттық жаттығулар кешені, салауатты өмір салтын белсенді насихаттау тұжымдамасына сәйкес әзірленген.

Қазақстан халқының Тілдер мерекесінің онкүндігі жоспарланып, лездемеде оқушылар өлең жолдарын оқыды. 5-9 сыныптар арасында «Тіл- барлық білімнің кілті» тақырбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мажиманов Сырым Қасымұлы өткізді.« А.Имановтың 150 жылдығына дөңгелек үстел өткізілді. «Үзілісте кітап оқиық»  «Тіл- ең асыл құндылық» атты мектеп кітапханашысы көрме ұйымдастырылды. Тілдер онкүндігінде өткізілген іс-шараларға қатысқан барлық оқушылар марапатталды.«Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік концерт, сынып сағаттары мен құттықтау, видеороликтер әлеуметтік желіге салынды.

 5 қазан – Дублер күні атты іс-шараға өзін -өзі басқару оқушылары мен оқушылары  мерекелік концерт ұйымдастырып,  құттықтау, видеороликтер әлеуметтік желіге жарияланды. Мектебімізде «Төрт тоқсан- төрт өнер» Ұлттық мәдени – ағартушылық жобасы аясында  9 айға 9 іс-шара өткізу. Қыркүйек – Сергіту сәті, Қазан- Әнұран айту, Қараша- Асық ату,  Желтоқсан- Шығарма жазу, Қаңтар – Қазақ есебі 26.01. 24 сағат 12.00  Математикалық есептер шығару.( Профессор ҚР ҰҒА академигі ғалым- математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады. Ақпан- Оқуға құштар мектеп. Наурыз- Домбырашылар, Сәуір- Шахмат ойнау, Мамыр- Жасыл мекен атты іс-шараларды өткізу.  «Тарихқа тағзым» атты викториналық сайыс 8-9 сыныптар арасында өтті. «Ақындар айтысы» болып өтті.  Эргашова Сабрина мен Эргошов  Сардарбек қатысты. Жетекшісі Мажиманов С.К . 14 қазан күні «Күншуақ» шағын орталығында « Қош келдің, Алтын күз» атты мерекелік концерт өтті. Бүлдіршіндер балдай тәтті тілдерімен өлең айтып, тақпақ, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Күз ханшайымы- Қасым Көзайым мен Күз ханзадасы-Медрес Ернар жеңіп алып марапатталды.  Тәрбиешілері: Абельдинова А.А. Кошкимбаева А.М.

 20- қазан күні мектебіміздіе 0-9 сыныптар арасында «Алтын күз» мерекелік кеш өтті, Оқушылар белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салды. 1-4 сыныптар арасында « Күз ханшайымы- 2 «А»сынып оқушысы Жаксылық Кәусар және «Күз ханзадасы -3 «»А сынып оқушысы Қасым  Ерсұлтан жеңіп алды. Ал 5-9 сыныптар арасынан « Күз ханшайымы- 5 -а сынып оқушысы – Асқар Арайлым мен « Күз ханзадасы – 6 сынып оқушысы Серікбай Арман марапатталды.

21 қазан күні «Мектеп Президентін сайлау» өтті. Оған үміткерлер: 6 «А» сынып оқушысы Тастанбеков Д, 7 «А» сынып оқушысы Эргашова С, 8 «А» сынып оқушысы  Асқар Ердос, 9 «А» сынып оқушысы Совет Аружан қатысты. Қорытынды бойынша көп дауыс жинаған 9 «А» сынып оқушысы Совет Аружан жеңіске жетті.

25- қазан Республика күні – азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгінгі мен ертеңі үщін ортақ жауапкершіліктің мерекесі. Сынып сағаттары мен құттықтаулар жарияланды. 23-қазан күні «Әнұран -айту» челленджі Астана уакытымен сағат: 12:00 мақсаты: білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету. « Менің қалам- менің елім» атты флешмоб өткізілді. Мектебімізде 27 қазан күні  1 тоқсанның аяқталуына жалпы мектепішілік  « Мектеп ата-ана- оқушы» атты  ата- аналар жиналысы болды. Онда ата-аналарға  мен психологиялық ахуал, коучинг, сұрақтарға жауап беріліп, Жарқайың ауданы полиция аға майоры Жуматаева Динагуль Калибековна мен полиция аға лейтенанты Мукантай Куаныш Нурланұлы ата-аналарға «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу» жолдарын, ғаламтор алаяқтары, шылым шегу, маскүнемдік туралы мәліметтермен таныстырып, сұрақтарға жауап алынды.

15 қараша “Ұлттық валюта күні» мектебімізде сынып сағаттары мен құттықтаулар жарияланды.  Мектеп психолог: Абаханова К.М. «Қатыгездікпен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты трениг өткізді. Мақсаты: Балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың мәселесіне назар аудару көңіл бөлу, қорғау. Жалпы республикалық «Еркін тыныс ал!» атты флешмоб өткізілді. “ Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» тақырыбында мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. 3 а сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушыларға оқырмандарға   салт- дәстүрді  тілімізді, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар «Кітап менің досым», «Менің сүйікті ақыным тақырыптарында оқушылар оқыған кітаптары туралы ойларын айтып, таныстырып шықты.17 қараша «Асық ату» республикалық челлендж мектеп дене шынықтыру мұғалімдері өткізді.  «Адал ұрпақ -саналы ұрпақ» тақырыбында сыныптыс тыс іс – шара мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық , рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбандыққа тәрбиелеу.

« Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 16 желтоқсан күніне орай Мектеп ұстаздарымен қазақтың ұлттық киімін дәріптеу мақсатында челленджі өтті.

 « Тәуелсіз елім- Қазақстан» тақырбында сынып сағаттары мен өзін -өзі басқару оқушылары стенд жасап, құттықаулар мен видеороликтер әлеуметтік желіге жарияланды. Всеобуч бойынша мектебімізде көпбалалы 4 отбасы бар. Клименко А.А. Смагулова Ж.К. Мукашова А.М. Сагитова П.С. Бұл отбасылар Жаңа жылдық шыршаға подаркасы ақшалай cыйлық яғни әрбалаға 20мыңнан берілді. Осы көпбалалы отбасының ішінен Аудан әкімінің шыршасына 3 оқушы Айтпай Айзере, Аққошқар Мейіржан, Сагитов Бекзат қатысы п   жақсы көңіл күйде, катысып келді.

27 желтоқсан күні мектебімізде «Қош келдің, Жаңа жыл» шыршасы өтті. Танертең сағат  10:00  0-4 сыныптар арасында Жаңа жыл шыршасын өткізді. Жауапты мұғалімдер: Балтамуратов А.Ж. Мукашова А.М. Капашова Б.Б. Абаханова К.М.  5-9 сыныптар арасында  сағат 17:00 өткізді. Жауапты мұғалімдер: Мажиманов С.К. Мусаева Г.М. Тасмаганбетова Ж.С. Кезекшілік жасалып, өз міндеттерін атқарды. 2023-2024оқу жылының тәрбие жұмысының 1 жарты жылдық бойынша қорытындысы осындай. Алдағы уақытта әлде жұмыстар жасалып, биіктерден көрінулеріне сенемін!

Қаңтар айының   26 күні уақыты 12:00 де Республиканың барлық елді мекендерінің жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының білім алушылары «Қазақ есебі» челленжі өткізілді. Мақсаты: Математикалық есептерді шығару білім алушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпал етеді.  «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д, профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым- математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналды. Мектебімізде математика пәнінің мұғалімі: Кадиров Ж.Б. 5-9 сыныптар арасында өткізілді.

«Мақал- сөздің азығы, жұмбақ -ойдың қазығы» атты мектепалды даярлық тобымен Күншуақ шағын орталығының балалары арасында іс шара өткізілді. Абаханова К.М.  Абельдинова А.А.  Мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. « Мақал- мәтелдер- халық даналығы» атты іс шараға оқушылар жаттаған мақал- мәтелдері мен  «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтарын  айтты. Біртұтас тәрбие аясында үзіліс кезінде « Бір мақал- бір бауырмақ»,  «Кім жылдам», рубрикасы мұғалімдер арасында , « Портрет тану» ұлы тұлғаларымызды дәріптеу,  « Көңілді  күй сыйлау» мектеп ұжымы арасында өткізілді.,

2024жылдың 22 ақпан – 01 наурыз аралығында  «1 наурыз - Алғыс айту» мерекесі ұйымдастырылды. Мерекелік безендіру,  Өзін- өзі басқару ұйымының оқушылары құттықтау челленджін жасады. «Барлығына рахмет» атты видео құттықтау даярлық сыныбы мен Күншуақ шағын орталығы өткізді.  «Алғыс айту адамгершіліктің белгісі» атты 1-4 сыныптары сынып сағаттарын өткізді. « Алғыс білдіру- ең асыл сөз!» 5-9 сыныптары сынып сағаттарын өткізді. « Рақмет саған Отаным!» суреттер көрмесі  атты 1-4 сыныптар  сурет салды. « Біз бір командамыз» атты  спорттық сайыс 1-4, 5-9 сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімдері өткізді. « Шынайы жүректегі алғыс» психологиялық трениг  мектеп психологтары  ұйымдастырылды. « Ата- анама мың алғыс!  Атты мектеп кітапханашысы өткізді. Мектебімізде 6 наурыз күні аудандық  семинар өтті.  7 наурыз Халықаралық әйелдер  күні» мерекесіне «Ана – тіршіліктің бақыты» атты мерекелік концерт өткізілді.  11Наурыз – 20 наурыз аралығында « Қош келдің- наурыз»  мерекесі ұйымдастырылды. Наурыз мерекесіне өзін-өзі басқару ұйымының оқушылар мен мектеп ұжымы ат салысты. « Атадан- өсиет, анадан- қасиет» атты 1-9 сыныптар арасында сынып сағаттары мен құттықтаулар өткізілді. Тоғыз ай – тоғыз іс-шара аясында  республикалық  домбыра дыбысымен күй « Күй күмбірі» атты іне  Ералы Салтанат, Ералы Айгерім « Тепең көк» күйін орындады «Қазақтың ұлттық ойындары» Асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалық, Көңілді старт атты cпорттық ойындар ойнатылды. Дене шынықтыру мұғалімдері: Алтынбеков Д.Г. Бакаев А.В.  15- наурыз Халықаралық қайырымдылық күні   өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары мен зейнеткерге қар ашып беріп,  игі іс жасады, сонымен қатар  көпбалалы отбасыларға азғантай сыйлық табысталды.  20 наурыз күні  « Қош келдің, наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыныптар 3 ауылға бөлініп, таныстыру, салт- дәстүр мен дастархан жайып, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік концерттен кейін іс- шараларға қатысқан оқушыларға мадақтама мен   ақшалақ cыйлық  табысталды. Осындай көмек көрсеткен  ИП «Альмира», ИП «Көшек», Қанат ағай, Марат ағай, Дудина көп көп рахмет.  Біртұтас тәрбие аясында 18- наурыз Ұлттық киім күні, 19-наурыз -Жаңару күні, 20- Ұлттық спорт күні,

21 -наурыз -Ынтымақ күні, 22- наурыз мейрамы,  23-наурыз  Тазарту күн іс-шаралар өткізіліп әлеуметтік желіге салынып отырды.

 28 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» челленджі – кітап оқу мәдениетін дәріптеу мақсатында білім алушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту. Мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. өткізді.  Көктем келіп қауіпсіздік ережелері мен  ата-аналар мен оқушыларға ескертіліп, таныстырылды.  Ата-аналар жиналысы уақытында  өткізілді.

Сәуір айында « Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында кішкентай оқырмандар үшін кітап әлеміне саяхат өткізді. 1- сәуір Халықаралық құстар күні – мектеп кітапханашысы оқушыларға құстарды қорғауға, олардың ән салатын дыбыстары туралы мәлімет берді.  Кітап білім – бұлағы, « Кітап – досым ақылшым»  « Кітап пен телефонның пайдасы мен айырмашылығы», « Менің сүйікті кітабым» туралы  іс-шаралар өткізілді. 12 сәуір республикалық «Шахмат ойнау» челленджін дене шынықтыру мұғалімдері өткізілді.

10 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» - тазалық пен тәртіптің үлгісі экологиялық акциясы жұмыс жасалды. 10-14 сәуір аралығында мектеп ұжымымен мектеп оқушылары «Таза өлке» күні сенбілікке шықты. 15-20 сәуір « Киелі мекен» тарихи – мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыс жүргізілді.

29-30 күндері «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай  1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні туралы ақпарат беру. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздіңелімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру   сынып сағаттары мен  құттықтаулар жарияланып әлеуметтік желіге салынды.

 

2-6 мамыр аралығында «9 мамыр- Ұлы жеңіс күні» және «Отан қорғаушылар күні» мерекелері ұйымдастырылды.Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамыту. Мақсатында сынып сағаттары мен қыздар ұжымы ер балаларды «Отан қорғаушылар күнімен» құттықтап, сыйлақтарын сыйлады.

13мамыр күні мектебімізде  «Жасыл мекен» челленджі өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа баулу, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды және адал еңбекті бағалауды дәріптеу. 17 мамыр  күні « Каникулда кітап оқиық» буккорссинг  1- 9 сыныптар арасынан оқушылар оқыған кітаптары туралы айтты. Мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. өткізді.

24 мамырда « Білімім -Отаныма!» тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатына барлық білім алушылар 0-9 сыныптар қатысты. Тәрбие сағатында Әнұранмен басталды. Әр сынып сағаттарында оқушылардың жыл бойы республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша  1 минуттық бейнероликтер көрсетілді. Ал, 9 сынып оқушылары үшін « Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссе арқылы жеткізді.   2023-2024 оқу жылында үздік оқыған оқушыларға мақтау қағазы,  жақсы оқыған оқушыларға мадақтама  берілді. Мектепшілік  іс-шараларға және аудандық жарыстарға қатысқан оқушылар алғыс хат пен марапатталды. Жетістерге жеткен оқушылардың ата-аналарына да алғыс хат берілді. 1-9 сынып оқушылары белсенді қатысты.  4 сынып пен 9 сынып түлектеріне тілек айтылды. Түлектер өздерінің алғыстарын өлең, ән арқылы жеткізді. Қорытынды алдағы уақытта оқушыларымыз биіктерден көріңулеріне тілектеспін.

 

 

Орынд:             ДТІЖО Тасмаганбетова Ж.С.

 

Жаңартылған күні: 03.06.2024 10:47
Құрылған күні: 03.06.2024 10:47

Текст