«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыс мезгілінде өмір қауіпсіздік нұсқаулықтары

11.12.2020

Қыс мерзімінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері бойынша

жаднама

 


  • Тыйым салынған жерлерде мұз тұрған суаттардан өтуге болмайды.

  • Мұзға шығар алдында оның біріктігіне көз жеткізу қажет. Жылымық кезде мұзға шығу қауіпті.

  • Белгісіз жерлерде, әсіресе құлама жарлардан мұзға түсуге болмайды. Бұтақ пен қамыс бар жағалауларда ала кеуім жер түзіледі, мұндай жерлер сырғанауға және өтуге қауіпті. Әсіресе бұлақ шығатын көздер, сонымен қатар өнеркәсіптерден шығарылатын жылы сулар құйылатын жерлерде өте абай болған дұрыс.

  • Сіздің балық аулауға шығатының туралы мүмкіндігінше жұмыс орныңыз және үй-ішіңіз білуі тиіс. Балық аулауға жалғыз шығу қауіпті.

  • Қыс мерзімінде мұз астында балық аулау, балықшыларға мұз үстінде өзін ұстау ережесін қатаң сақтау талап етіледі.

  • 20 см. мұз қалыңдығы аумағында көп шұңқырлар оймауға, топталып жүрмеуге, жүгіруге, секіруге болмайды.

  • Балықшылар мұз үстінде автокөліктермен барады. Жүргізушіге тек арнайы жабдықталған құрылғыларды пайдалану керек. Мұз үстінде жүргенде автокөлік жүргізушісі жағындағы есігі ашық болуды есте ұстау қажет. Ең қауіпсіздік нұсқа - көлікті жағада қалдыру.

  • Су айдыны бар жерлерде ата-аналар мен үлкендер балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

  • Егер сіз мұз астына құласаңыз – үрейге бой бермеңіз және есіңізді жоғалтпауға тырысыңыз! Су бетінде тұру үшін екі қолыңызды екі жаққа жайыңыз, дыбыс беріп, көмекке шақырыңыз және мұз үстіне шығуға талпыныңыз. Денеңіздің бар салмағымен мұздың алдыңғы шетіне кеудеңізбен басылмаңыз. Мұз үстіне екі шынтағыңызбен, екі аяғыңызды мұз үстіне шығару үшін денеңізді горизантальды жағдайға аударыңыз. Одан кейін шынтақпен қимылдай отырып, бірінші бір аяғыңызды, сосын денеңізді сол жаққа қисайта отырып, екінші аяғыңызды мұз үстіне шығарыңыз. Содан кейін тұрмай, қауіпті жерден еңбектеп, жағаға қарай жылжығаныңыз жөн.

  • Мұзды суда адам тез тоңады және есінен айырылады, сондықтан зардап шеккендерге тез арада көмек көрсету керек. Зардап шеккен адамды су киімдерінен босатып (шешіп), уқалап, құрғақ киім кигізіп, ыстық шай беру керек.

  • Бақытсыз жағдай қайталанбауы керек. Қаза болғандарды жоқтамау үшін бақытсыздықтың алдын алған жөн.


ЕСТЕРІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗДАР, СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ БЕН БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ АЛДЫН АЛА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАҒАНДАРЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ!!!
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті

Баршаның назарына!
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар Департаменті
ескертеді:

Құрметті азаматтар, мұзға шығарда
1. Өз жағдайыңызды байқап, ауа райына және мұздың қалыңдығына назар аударыңыз.
2. Мұзға автокөлікпен шығуға тыйым салынады.
3. Мұзға тек аяқ тұрақты болып, мұзқабатының қалыңдығы 20-30 см. кем емес болған жағдайда шығуға болады.
4. Өнеркәсіптерден шығарылатын су жиналатын жерлерде МҰЗ ӘРҚАШАН ЖҰҚА болғандықтан, бұл жерлер БАЛЫҚ АУЛАУ үшін өте қауіпті.
5. Күшті жел, жылымық – бұл мұздың жалпы массасынан мұздардың БӨЛІНУІНЕ немесе ЖАРЫЛУЫНА әкеп соқтырады.
6. Балық аулауға ЖАЛҒЫЗ, ТӘУЛІКТІҢ ҚАРАҢҒЫ УАҚЫТЫНДА шықпаңыз және жағадан алыстамаңыз.
7. Мұзға шығарда БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ, ШАМ және дабыл беру үшін басқа да құралдар болуы керек.
8. КӨКІРЕКШЕ киіп балық аулау, мұз астына кеткен жағдайда, су бетінде ҚАЛҚЫП ЖҮРУГЕ көмектеседі.
9. Арқа қоржынындағы 15-20 м. ЖІП немесе БАУ төтенше жағдайға тап болғанда көмектеседі.
10. Егер сіз мұз астына кеткен болсаңыз ҚОЛЫҢЫЗДЫ ЕКІ ЖАҚҚА ЖАЙЫҢЫЗ және мұздың жұқа қабатына бар салмағыңызды түсірмеңіз, мұзға аяғыңызды шығаруға тырысыңыз.
11. ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ, адам суық суда 20-30 минуттан кейін ЖАУРАП, ЕСТЕН ТАНАДЫ.
Сіздің су айдынына кеткеніңізді ҮЙДЕ және ЖҰМЫСТА білуі қажет.

Просмотров: 784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст