«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің отбасым – менің байлығым» эссе

04.12.2020

«Менің отбасым – менің байлығым»

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Кен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мажиманов Сырым Касымулы

 

        Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
        Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады. Сондықтан менің отбасымда біз төрт жанбыз. Мен отбасымда екі бала тәрбиелеп отырған әкемін. Қандай бақыт десеңізші! Екі балама осындай қасиеттерді жастайынан бойына сіңіріп, тәрбиелеу үстіндемін. Баланың дұрыс өсіп-жетілуі ең біріншіден отбасындағы әке мен ананың арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан менің отбасым тек мейірімділікті сүйеді. Сол арқылы балаларымда жақсылыққа, мейірімді болуға, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда.  Менің отбасым – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан дер едім. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю отбасынан басталатыны рас. Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүретінін біз есімізден шығармауымыз керек. «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай менің өз отбасым, менің өз үйім әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт деп есептеймін. Сондықтан менің отбасым бұл дүниедегі ең асыл байлығым. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Отбасы мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Менің отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда әлемдегі ең мейірімді жан, бабаларымның сүйікті анасы – жан-жарым бар. Сонымен қатар сүйікті де, сүйкімді балаларым бар.
        Қорыта айтқанда, бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз қазақта тектен – тек айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Менің жанұям, жақындарым мен үшін ас қымбат адамдар. Олар менің байлығым. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын және де денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін Алла тағалам оларды қорғап, өмір бойы ынтымағымыз жарасқан отбасы қатарынан қалмауын тілеймін. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік!

Просмотров: 10188


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст