"Абай әлеміне саяхат" клубы
Әлемдік поэзияның мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы- демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші - ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлемінде ірі құбылыс болды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Абайдың ұлылығын таныту- қазақ елі- тәуелсіз мемлекетті таныту»,- деген пікірін жүзеге асыра отырып, Абай әлемі арқылы қазақ елін әлемге танытуды басшылыққа алу негізгі мәселе болды.
«Абай әлеміне саяхат» клубының негізгі мәселесі- оқушылардың дарын қабілетін ашу, шығармашылық жұмыстарға жұмылдыру.
"Абай әлеміне саяхат" клубының жоспары
Р/с |
Мазмұны |
Өткізу түрі |
Жауапты |
Уақыты |
1 |
«Абай әлеміне саяхат» клубын ашу |
Оқушылар тарту |
ӘБ мүшелері
|
қыркүйек |
2 |
«Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы» |
Мәнерлеп өлең жаттау |
«Абайтану» фак. мұғалімі; Мажиманов С.К. |
қазан |
3 |
«Абай қарасөздері және менің ойларым» |
Шығарма жазу |
Пән мұғалімдері
|
қазан |
4 |
«Ұлылардың ұлысы- Абай» |
Дөңгелек үстел |
Кітапханашы Алясхарова Г.М. |
қараша |
5 |
Табиғат лирикасы
|
Суреттер байқауы |
Пән мұғалімдері
|
қараша |
6 |
Абай Құнанбаев – ұлтымыздың мақтанышы |
БАҚ беттеріне мақала жариялау |
Пән мұғалімдері;
|
желтоқсан |
7 |
«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» |
Көрме |
Кітапханашы Алясхарова Г.М. |
қаңтар |
8 |
«Абай әлеміне саяхат» клубына мүшелікке қабылдау рәсімін өткізу |
Салтанатты жиын |
Мектеп әкімшілігі
|
ақпан |
9 |
«Абай әлеміне саяхат» клубының іс-шара жоспарын жасау |
Жоспар |
Клуб жетекшісі |
наурыз |
10 |
«Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» |
Оқушылар конференциясы |
Клуб мүшелері
|
сәуір |
11 |
«Абай –өз халқының ең үлкен жанашыры» |
Эссе жазу |
Пән мұғалімдері
|
мамыр |
«Абай әлеміне саяхат» клубының мақсаты:
Осы жоспар негізінде Абай тағлымыны әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі, ұлттық рухани қазына деңгейінде оқыту;
Оқушының поэзия әлеміне енгізе отырып, сұлулыққа, ізгілікке, адамгершілікке баулу;
Абай мұрасын өзге ұлт мектептеріне насихаттау, жаңаша оқыту міселесімен айналысу мақсатына қол жеткізу көзделіп отыр.
«Абай әлеміне саяхат» клубының міндеттері:
Ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру:
Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып,оны талдай білу деңгейіне жеткізу;
Абай мұрасын оқып үйрене отырып, алған білім мен дағдыларын әртүрлі жағдаяттар мен сайыстарда қолдана алуға тәрбиелеу;
Абай әндеріне видео-роликтер жасау.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Туған халқының әдебиетін, мәдениетін, сөз өнерін құрметтейтін жан- жақты дамыған оқушы- субъект дамытуға түрткі жасалады;
Өзге ұлт мектептеріне ақын мұрасы насихатталады;
Абай тағылымын үш тілде меңгерген тұлға қалыптастыруға ықпал жасалады;
Дарынды, талантты балалармен жұмыс жүргізіліп, оқушылардың жыр жинақтары шығарылады.