«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік іс-шара "Алтын күз"

12.11.2020

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: (Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен, шарлармен безендірілген. Интерактивті тақта)

Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

«Берекелі алтын күз» кешіне. 
Отырыңыз қол соғып, 
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,– дей келе бүгінгі «Берекелі алтын күз» сайысына қатысатын топтарды ортаға шақырайық. Қол соғып, хошеметпен қарсы алайық.

1- топ: Шие тобы

2- топ: Алма тобы

3- топ: Алмұрт тобы

4- топ: Жүзім тобы

 Жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні боп келіп қапты гүлдер ортаға.

Әділқазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңызға, -дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін: бөлімге 5 баллдық жүйе

__________________________________________

 

__________________________________________

 

__________________________________________

 

І - бөлім «Таныстыру»

(Таныстыру бөлімі бойынша әрбір топ өздерін таныстырады.)

 

 

ІІ - бөлім «Өнерлі өрге жүзеді» Өз өнерлерін көрсету

ІІІ- Кім көп біледі. Сұрақ-жауап

ІV – бөлім «Күздің сыйынан бір затты бейнелеу.» 

(кепкен жапырақтар, қағаз, т.б.)

V-Ойын «Жемістер жинау»

VІ -«Үй тапсырмасы» (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы,құрамы,пайдасы туралы айту)
VІІ –«Күз сән үлгісі.»

Жүргізуші: Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім. 
Ендеше бірінші шартымыз «Таныстыру» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

Жүргізуші:

Асыл тастан, өнер жастан,  

Шығады деп дарынды.  

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашанда нанымзы  

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден  

Өнерімен танысайық,  

Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

 

 

 

ІІІ- Кім көп біледі. Сұрақ-жауап

 

Жүргізуші: (Күз мезгіліне байланысты сұрақ-жауап) «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Алдарыңыздағы ағаштағы жапырақшалардағы сұрақтарға жауап бересіздер.Әр топ жапырақты тереді. Жапырақтың артында сұрақ жасырынған. Соған жауап береді.(І топ-қызыл,ІІ топ –сары, ІІІ топ-жасыл, ІVтоп –тоқсары, Vтоп –қоңыр жапырақ)

1.Өсімдіктерді қандай топқа бөлеміз?

2.Өсімдік бөліктерін ата?

3.Табиғат нешеге бөлінеді?

4.Жабайы өсімдіктер қайда өседі?

5.Өсімдіктерге не қажет?

6.Қосу амалының компоненттерін ата

7.4+2= неше болады?

8.Дыбыстың түрлерін ата

9.Ең еңбексүйгіш жәндік.

10. Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
11Қазір қай ай?

12.Алтын түстес жыл мезгілі?

13.Қазір жылдың қай мезгілі?

14Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ

15.Шыршаны қашан сәндейді?

16.Жыл мезгілдері нешеу?

17.Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?

18.Жылататын көкөніс

19. Көп киімді көкөніс

20.Күз айларын ата.

21. Бес жеміс - жидектерді атап беру.

22 . Бес көкөністерді атап беру.


ІV – бөлім «Күздің сыйынан бір затты бейнелеу.» 

(кепкен жапырақтар, қағаз, т.б.)

Жүргізуші:

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік күзгі сыйды жасапты,

Ұлдарымыз бен қыздарымыз бірлесіп. «Күз сыйы» бөлімінде қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша жапырақтардан әр түрлі зат жасайды.Олай болса, топтарымыздың өздері дайындаған табиғи материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін.

 

V-Ойын «Жемістер жинау» .Әр топтан бір оқушы шығып себетке жемістерді жинайды.

Би: «Жапырақтар»

VІ -«Үй тапсырмасы» (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы,құрамы,пайдасы туралы айту)
Оқушы

Астық жеміс жиылды,

Қоймамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды,

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз,

Құтты болсын мереке!

 

Оқушы

Алдық әнім-сыйыңды,

Көбейді – құт береке,

Астық толы қоймамыз,

 Құтты болсын мереке.

 

Оқушы

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

 

Оқушы

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалбырап.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

 

Оқушы

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.   

 

Оқушы

Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Оқушы

Қарашы күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, алтын күз

 

Оқушы

Жомарт көңіл жарқын күз
Берекесі елімнің
Қош келіпсің, жомарт күз
Құт қонағы төрімнің!

 

Оқушы

Армысың, Алтын күз, армысың!

Жайқалған шуақ таңбысың.

Еңбекке жинап, ел-жұртты,

Мезгілсің өзің ең құтты.

Оқушы

Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

Оқушы

Жеміс пісіп, қамабаға,

Алтын астық толады.

Бұл құбылыс тек қана

Күзде ғана болады.

 

Оқушы

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

 

Ұлдардың орындауындауындағы ән «Күз»

VІІ –«Күз сән үлгісі.»

Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Күз сәні өнерімен ортаға шығып,
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған сән үлгісінде ортаға шақырамыз. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Салмақты ұлдар мен сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалайық.

 

Жүргізуші:

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе «Берекелі алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.

 

 

 

 

Просмотров: 829


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст