«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылына Кен негізгі мектебі бойынша тілдер онкүндігінің өткізілуі туралы есебі.

21.09.2020

 

2020-2021 оқу жылына

Кен негізгі мектебі бойынша тілдер

онкүндігінің өткізілуі туралы есебі.

 

Кен негізгі мектебінде   Қазақстан халқының  Тілдер  күні мерекесіне орай жұмыс қыркүйектің 4-16  аралығында өткізіліп, қорытындыланды.  Онкүндік аудандық

білім бөлімінің жоспары негізінде   Тілдер күні мерекесінің салтанатты ашылу кешінен басталды. Салтанатты мерекелік шарада Тілдер мерекесінің тарихына қысқаша тоқталып, апталық барысындағы іс-шара жоспарымен таныстырылды. Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндіктің ашылуына арналған бейнебаян жасалды. Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында өлеңдер байқауына онлайн түрде 7 «А» сынып оқушысы Мұқыш Жанболат қатысты. «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты байқауға 9 «А» сынып оқушысы Болатов Темірлан Оразақын Асқардың «Үйрен ана тіліңді» атты өлеңін жолдады. Мектебіміздің кітапханашысы Алясхарова Г.М. ұйымдастырумен «Тіл – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесін көрсетті. Барлық сынып жетекшілер Абайдың 175-жылдығына арналған сынып сағаты өткізді. Сонымен қатар 5-9 сыныптар «Абай дана, Абай дара қазақта» атты өлеңдер челленджін ұйымдастырды. «Күншуақ» шағын орталығының ұйымдастырумен «Біз – Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты бейне жазба жасады. Мұғалімдер арасында өткізілген онлайн түрдегі «Ең үздік мақала» атты байқауға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурмуханбетова Г.О. қатысып, тіл туралы мақаласын газет беттеріне жолдады. Өзге ұлт өкілдері арасында «Мен қазақ тілін құрметтеймін» атты челленджге 6 «Б» сынып оқушылары Тарковская Ксения мен Втюрин Богдан және де 8 «Б» сынып оқушысы Дудин Виктор өз челлендждерін жолдады. «Туған тілімізді жырлайық» атты мектеп оқушылары арасындағы өлеңдер сайысына 6 «А» сынып оқушысы Елтай Сұңғат қатысты. Сонымен қатар ауданымызда жылда болып тұратын дәсүрлі түрдегі «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты көркемсөзге 7 «А» сынып оқушысы Мұқыш Жанболат «Азамат» атты өлеңін онлайн видео арқылы жолдады. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты сурет сайысын өткізді.          Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

 

 

     Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:  Мажиманов С.К.

 

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст