Тақырыбы: Абай - дана, Абай – дара қазақта
Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, проектор
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара қазақта»
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы, - деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлаған Абай кім?
Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.
Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.Абай жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.
Видеожазба Абай Құнанбаев туралы
Қорытынды:
Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашанда жас жүрегіміз соғар Абай- деп ойлаймын. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»
Рефлексия: Әр гулдің ішіне Абай атамызға тиісті бір сын есімін жазайық.