«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кен негізгі жалпы білім беру мектебінде өткізілген «Балдәурен» жазғы онлайн  сауықтыру лагерінің өткізілуі жөнінде есеп

27.06.2020

Кен негізгі жалпы білім беру

мектебінде өткізілген

«Балдәурен» жазғы онлайн

 сауықтыру лагерінің

өткізілуі жөнінде

Есеп

2020 жылдың маусым айының 1–нен 12-не  дейінгі аралықта мектептің 0-4 сынып оқушылары «Балдәурен» атты жазғы онлайн сауықтыру лагерін өткізді. Биылғы жазғы сауықтыру лагерь онлайн түрде өткізілді. Оқушылармен интернет желісі арқылы байланыс орнаттық. «Балдәурен» жазғы демалыс алаңында тәлімгер, психолог, кітапханашы жұмыс жасады. Күнделікті тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріліп, орындалады. Күнделікті таңертен сағат 10 : 00 де лагерь жұмысы таңғы жаттығумен басталады. Оқушыларға ютуб каналынан таңғы жаттығулардың сілтемелері жіберіліп отырылды. Оқушылар сол сілтеме бойынша кіріп, жаттығу жасап, бізге фото және видео есеп жіберіп отырды. Онлайн лагерьде әр түрлі тақырыптар бойынша жұмыс жүргізілді. Мысалы: «Менің туған жерім-Қазақстан», «Армандар орындалады», «Нұрсұлтан балалар көзімен» сурет салу, «Біздің болашағымыз ұрпақ қолында», «Алақай, жаз!», «Шебер қолдар», «Біз шетінен бишіміз», «Біздің қолымыздан барлығы келеді» аспаздық сайыс, «Үш тілді білу – заман талабы».

«Біз шетінен бишіміз» сайыстық би бағдарламасы бойынша оқушылар үйлерінде әр түрлі билер билеп, видеоға түсіріп жиберді. Біз жақсы билеген оқушыларды іріктеп, тәтті сыйлықтар тараттық. «Біздің қолымыздан барлығы келеді» аспаздық сайыста, оқушылар үйде әр түрлі жеміс-жидектерден салаттар жасады. Бұл сайыста да оқушыларды бағалап, тәтті сыйлықтар тараттық. «Менің туған жерім-Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушыларға ютуб каналы арқылы сілтеме жіберіліп, Қазақстан туралы видео көрсетілді. Осы тапсырма бойынша оқушыларға әр түрлі қызықты тапсырмалар берілді. Қызықты тапсырмаларды оқушылар өте белсенді орындап, бізге фото есеп жіберіп отырды. Сонымен қатар кітапханашы және мектеп психолгі да күнделікті тапсырмалар беріп отырды. Осы екі апта лагерь онлайн түрде болсада, оқушылар белсене ат салысып қатысты.

Онлайн лагерьдің қиыншылығыда болды. Көп оқушылардың интернет желісіне кіру мүмкіндіктері болмады. Неге? деген сұрақ туындаса. Себебі барлық оқушыларда жеке меншік өздерінде ұялы телефон жоқ, көбісінің ата-аналарында телефон. Ал ата-аналары жұмыс басты кісілер, балаларына беріп кете алмайды. Оқушыларда телефон болғанның өзінде, интернет желісінің дұрыс ұстамауына байланысты, кіру мүмкіндіктері болмады.

Ал қызықты жағы да болды. Оқушыларға интернет желісіне кіруге көмектескен ата-аналарға ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді. Таңертен балаларын оятып таңғы жаттығуды видеоға түсіріп, әр түрлі берілген тапсырмаларға көмектесіп, керек жарақтарын тауып бергендері үшін. Оқушыларға онлайн лагерь ұнады, апайларымен, достарымен видео арқылы сөйлесіп қызықты тапсырмалар орындағандары. Бізгеде онлайн лагерь қызықты өтті.

 

Тәлімгерлер: Оразқызы Қ. Абаханова К.М.

Просмотров: 967


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст