«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Поздравляем.

11.03.2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН  АНАШЫМ!

     8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Сондықтан мереке қарсаңында Кен негізгі мектебінің «Күншуақ» шағын орталығында  05.03.2020  жылы «Құттықтаймын  анашым!» атты  8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өтті.  Барлық ата- аналар жиналып  кішкентай балаларының өнерлерін  тамашалауға асықты. Кішкентай бүлдіршіндер өздерінің  әжелері мен аналарына   арналған жылы лебіздерін, көңілді ән- күйлерін  ортаға  паш етті.   Көктемнің алғашқы мерекесі ерекше көңіл - күймен өтті. Ата- аналар қызығушылық танытып, дайындаған ойындарға белсене  қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын аналар  мен  әжелеріне табыстады.

     Мереке балабақша өміріне көктемгі қуаныш пен бақыт  алып келді. Соныңда  ата- аналар құттықтау сөздерін айтып, бүлдіршіндерге арналған кішкентай сый- сияпаттарын тарту  етті. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын!!!

                                           

                                                    «Күншуақ» ш/о тәрбиешісі: Абельдинова А.А.

 

 

 

 

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст