«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс іс –шара: Күлімде ,өмір ғажап!

20.02.2020

Сыныптан тыс іс –шара : Күлімде ,өмір ғажап!

 

Мақсаты:

 -  Махаббат пен шығармашылық аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Кілттік сөздер:

1. Махаббат

2. Адалдық      

3. Мейірімділік       

4. Жандүниенің тыныштығы

5. Қамқорлық  

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар,ұстаздар.

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің  талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.

Мұғалім:Бұл шараның бастауына ұйытқы боп отырған «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға – Назарбаева Сара Алпысқызына тоқталмау мүмкін емес. Олай болса, бейнематериалға  назар аударайық.

Бейнефильм.

Бүгін біз, бір- бірімізге жылулық сыйлап, жақсы жылы сөздер айтып, іс – шарамызды бастаймыз.

Оқушылар қолдарынан ұстап, бір-біріне жылы сөздер айтады.

 

Жанболат

  • Сен бүгін өте әдемісің.
  • Саған күлген өте жақсы жарасады.

Олай болса, осындай жақсы көңіл күймен, түрлі ойындарға кезек берейік.

І. «Қара, түсіндір, тауып ал»

 

 

 

Суретті таңдайды.Суреттердегі жан –жануарларды қимыл арқылы, жұбына түсіндіру.

ІІ. «Көңілді би»

 Екі топ, көңілді әуенге билеп, бір – бірін бағалайды.

ІІІ. «Біз біргеміз!»

Екі оқушы, қағаз үстінде ырғақты бимен, соңына дейін шыдамдылық таныту. Ойын барысында қағаз кішірейіп отырады.

IV. «Мен және менің ойым»

 

Психологиялық тапсырма. Мұғалім баяндау арқылы, оқушылар сурет салады.  Мұғалім ол суреттердің мағынасын түсіндіреді.

V. «Сиқырлы қорапша»

Оқушылар қорапшадан кез – келген сұрақты таңдап алады. Сұрақ, логикалық болады. Оқушы ойланып, дұрыс жауап қабылданады. Сұрақ қызықты болады.

Олай болса, бүгінгі көңілді күнді қорытындылау үшін «Алтын дауыс» әдісін қолданып, ән айтайық.

ЖАС ДӘУІРДІҢ ТҮЛЕГІМІЗ

 

Сөзі Е.Өтетілеуовтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі

 

Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.

 

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

 

Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.

 

Қайырмасы.

 

 

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст