Сабақтың тақырыбы: «Татулық – достық кепілі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «достық» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, бір-бірімен адал, достық қарым- қатынаста болуға баулу.
Мұғалім сөзі:
Достық әдеп, сыйласым
Дос өмірлік қимасым.
Дос арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым- тәтті- дегендей, бүгінгі «Татулық – достық кепілі» атты сынып сағатымызды бастаймыз.
Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би бабамыз «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген екен. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрік және тағы да басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен қоян-қолтық аралас өмір сүрудеміз. Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді.
Постер құру:
Дос сөзіне постер құрып жазу
Сұрақ-жауап:
1. Сенің ең жақын досың кім?
2. Дос қандай болу керек?
3. Досыңның туған күніне не сыйлар едің?
4. Досыңа арнап тілек айт
Мұғалім:
«Сәлем сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» қай халық болмасын, қай ел болмасын бір-бірімен жылы мейірман, кең пейілділікті, достастықты өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі сәлемдесуінде. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт бір-бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Ел бірлігі ең асыл қасиет. «Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге қазақтарға керек» деп көрегенділікпен елбасымыз айтқандай біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмір.
Сәйкестендір:
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру
1. Досыңды мақтағаның - ... (өзіңді жақтағаның)
2. Досы көппен сыйлас, ... (Досы азбен сырлас)
3. Досы жоқ адам -... (Тұзы жоқ тағам)
4. Досы көптің жаны семіреді,... (Асы көптің тәні семіреді)
5. Досы көпті жау алмайды,... (Ақылы көпті дау алмайды)
Тілек ағашы:
Енді оқушылар досымызға арнап тілек жазып жабыстырамыз.
Қорытындылау:
Қазақ жері –достықтың гүлстаны
Дарқан өлкем –мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады