«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МАҚАЛА «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

05.02.2020

МАҚАЛА 

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»  

     Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ. Тіл - халықтың ажырамас бөлігі. Ұлы Абайдың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп таңырқап тағзым еткен тіл. Тілімізге құрмет жасау арқылы біз елімізге құрмет жасаймыз. Тіл туралы қаншама кестелі сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Кен негізгі мектебінде «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты қазақ тілі мен әдебиет апталығында  біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Апталық барысына  оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Апталықтың  жоспарымен таныстыру мақсатында  5-6 сынып оқушылары әдеби монтаждан бастады.

      Қазақ тілі  мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан  Д.Қ. «Білгенге маржан» атты тапқырлар сайысын 5-6 сынып оқушылары арасында өткізді. Оқушылар бұл  ойынға үлкен дайындықпен,  тіл үйренуге деген құштарлығымен, талабымен жан-жақты ізденіп қатысты. Сонымен қатар пән мұғалімі 5 «Б» сыныпта «Ас – адамның арқауы» ашық сабақ өткізді.

       Қазақ тілінің мұғалімі Мажиманов С.К. ұйымдастыруымен «Ел  ертеңі – білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық сайыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар екі  топқа бөлініп, берілген сайыстың кезеңдерімен танысып, топпен жұмыс жасады. Сайыс жалпы  алты кезең бойынша өтілді. Оқушылар бұл сайысқа толық қанды дайындалып келгендерін көрсете білді. Пән мұғалімі Мажиманов С.К. 5 «А» сыныпта «Қожаның қиялы» атты ашық сабақ өткізді. Сонымен қатар пән мұғалімдері Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  мектепішілік «Ұлылар үндестігі» атты Абай мен Шәкәрім оқуларын өткізді. Бұл оқуға мектебіміздегі барша оқушылар қатысып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Жеңіске жеткен оқушылар аудандық байқауға жолдама алып, сәттілік жолданды. 

      Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

 

Кен негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мажиманов С.К.

 

 

Просмотров: 973


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст