Тарих апталығында өткен "Тарих әлеміне саяхат" сайысы
5 - 6 сыныптарға арналған
Сайыстың мақсаты:
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына
Сайыс 6 кезеңен тұрады / тақтаға сайыс шартары кезеңдері жазылып ілінеді/
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Олар: аты жөндері айтылады
Сайысымызға қатысушыларды анықтау үшін іріктеу кезеңі өткізіледі ең көп ұпай санын жинаған оқушылар сайысқа қатысады. Енді сайысымызға әділ баға беретің әділқазылар алқасымен танысайық
1 Оқу ісінің меңгерушісі: Молдрахметова Г.А.
2 Бастауыш пәнінің мұғалімі: Балтамуратов А.Ж.
3 Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Мажиманов С.Қ.
Сайысымызды бастаймыз!!!
Таныстыру Әр топ
Сайысымыздың І- кезеңі
Біліміңді сына / шарты: сұраққа тез жауап беру
Алматы, Астана)
3 Кез-келген мемлекеттің тұрғындары қалай аталады? (халық)
4. Алтын адам қай жерден табылды?( Есік қорғаны)
5. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
6. Қазақстан қандай елдермен шекаралас? (Ресей, Қытай,Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан)
7. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заң қашан
қабылданды? (16.12.1991ж.)
8. Желтоқсан құрбандары. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,
Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова)
9. Адам маймылдан жаратылған деген тұжырымды айткан ғалым кім? (Ч.Дарвин)
10. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
11. Тарихтың атасы кім ? (Геродот)
ІІ кезеңі .Тарихқа саяхат /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс. /
Сайысымыздың ІІ бөлімі «Тарихқа саяхат». /шарты: тарихи хронологиямен жұмыс./
1.Ежелгі тас дәуірі (палеолит) уақытына ата: / б.з.б. 2 млн 600 -12 мың жыл /
2.Орта тас ғасыры (мезолит): / б.з.б.12-5 мың жыл бұрын/
3.Жаңа тас ғасыры (неолит): / Б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын/
4. Мыс-тас ғасыры (энеолит): / б.з.б 3 мың-1800 жыл/
5.Қола дәуірінің уақыты: /б.з.б. 2 мың жыл-8 ғасыр/
6.Ерте темір дәуірі: / б.з.б 8 ғасыр-б.заманымыздың 5 ғасыры /
7.ҚР ұлттық валютасы қай жылы енгізілді? / 1993 жылы 15 қарашада /
8. ҚР жаңа Конституциясы қашан қабылданды? / 1995 жылы 30 тамызда /
9.Алматыдағы желтоқсан көтерілісі қай жылы болды? / 1986 жылы 17-18 желтоқсанда
ІІІ кезеңі: "Қанат қақты" Бас әрпі «А» , «Б» , «К», «М»
1.Сенің атын кім?
ІҮ кезең Тапқыр болсаң тауып көр
20, 30,40 сандар көрсетіледі , сұрақтарға жауап беруі керек, жауап берген топ сол ұпайға ие болады.
20- Ағамда, анам да жок, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін-деген сөздерді айткан кім?- М. Мәметова
20-Хан батыр атағын алған батыр- Қабанбай батыр
20- Аристотельден кейін дүниежүзілік білім мен мәдениеттен екінші ұстазы аталған данышпан ойшыл- Әл-Фараби
30-Орта жүздің сұлтаны Уәлидіңбаласы,атасы Түркістан билеушісі-Абылай хан
30-Қазақтың тұңғыш ғарышкері- Т.Әубәкіров
30- Қазақтың тұңғыш астанасы- Орынбар
40- ХІХғ ең атақты Жетісу ақыны және Жамбылдың ұстазы – Сүйінбай
40- Жаяу Мұса Ы.Алтынсариннің қай өлеңіне ән шығарған -Кел,балалар оқылық
40-Қазақстан Елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? Жылқы
V кезеңі: Мақал – мәтел құрастыру
6сынып
1.Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді
2.Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті
3.Ел іші алтын бесік
4.Туған жердің түтініде тәтті
5 сынып
1.Отан куат, отбасы шуақ
2.Еңбек ердің көркі , Ел елдің көркі
3.Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе
4.Рақаттың түбі кеңіс, еңбектің түбі жеңіс
Әрі қарай 5 - кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, салтанатты түрде марапатталады. Қадірменді оқушылар! - жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білуге ұмтылған жас шәкіртер. «Тарих әлеміне саяхат» зияткерлік тарихи танымдық ойынын аяқтауға рұқсат етіңіздер. Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі сайысымызға 5-6 сынып оқушылары өз білімдерін көрсетті жеңімпаздарын құтықтаймыз!!!