«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз бір отбасымыз" тәрбие сағаты

03.05.2023

Біз бір отбасымыз

 тәрбие сағаты

Мақсаты: Бүгінгі күні Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын ұғындыру;  Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
 

Мұғалім: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емесолкесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғалжабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы - дала дейтін, күндейтін,

Қазақ осы - өнералдытілдейтін.

Қазақ осы - карасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, - депжырлағанҚадырМырзалиевағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлтөкілдерініңбір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздерге мәлім. Бүгінгікездесуіміз - Қазақстандатұрып жатқан басқа ұлтөкілдерінедеген сыйластығымыз.құрметтілігіміз, парасаттылық пен имандылығымыздың айғағы.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,елімізді рәміздері, әр ұлттың киімі, гүлдер.
Сабақ барысы:
Мұғалім: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қа зақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назар баев  Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Сіздер білесіздер, кеңбайтақ Қазақстанда 136 ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қазақ халқының ұлылығынан, "Кеңболсаң, кем болмайсың " дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында – Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі»
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған-туысқанымыз, дос-жаранымыз бен тұратын еліміз.

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүниежүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.

 

 

 

Оқушы: Бекзат

Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.

 

Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғады. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Елтаңбам қандай тамаша! Елтаңбамызға көз салсақ ортада қазақтың қарашаңырағы, күн сәулесіндей уықтар шашырай шапағын шашқандай, екі жақтағы қанатты пырақтар арынды да қарымды, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды. Жарығымен «Қазақстан» жазуы жарқырай түскендей.
Оқушы: Аруай

Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Мұғалім: Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді. Ол шарықтайды, көңіл қалықтайды. Жалауым - жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп, асқақ желбіреп тұр.
Оқушы: Анеля

Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн- қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.

 

Мұғалім:  Арқаның қақ төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы, төскейі шұрайлы. Осынау өлкеде жас қала бас қалаға айналды. Келбетіне көрік қосты, келешегіне сенім әкелді. Зәулім үйлер көбейді, оқтай түзу даңғылдары ұзарды. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуелеген қала күннен өсіп келеді. 1997 жылы Ақмола мекені Астана шаһарына, Елордасы Астана қаласына айналды. Қазақстан Республикасының өмірінде бұл – төртінші астана.Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы - Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы Астана қаласы болып отыр.

 

Оқушы: Жан

Заман жаңа,ел жаңа,
Күлімдейді кең дала,
Өз Астанам- өз Ордам,
Сүйенерім сен ғана !

Мұғалім: Далам! Кең-байтақ. Сондықтан ғой, күмбір-күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда - «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы толғаған»
Оқушы:  Ерсұлтан

Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман- тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең- байтақ даласы.

 

Мұғалім: Республика халқының саны 17 миллионнан астам.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 136 ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

Топпен жұмыс:

ұлт өкілдерің Қазақстан картасына жабыстырады.

 

Оқушы:Бекзат

Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.


Оқушы: Анеля

Белоруссия – жайқалғанжасылорман.
Жасылорман – мәңгіжасыларман.
Шетіненойшылкелерармандары –
Қойнында сан ұрпақтыңжасықалған.

 

Мұғалім: Қазақстан! Біздің туған жеріміз осылай аталады. Қазақ жері ұлан – байтақ. Батыста Каспий маңы ойпатынан шығыста Алтай тауына дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км созылып жатыр. Осындай кең байтақ өлкеміздің жері көлем і- 2 млн.700 мың шаршы километр.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

 

Просмотров: 614


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст