«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ХАЛЫҚТАР ДОСТАСАДЫ – ТІЛДЕР ДОСТАСАДЫ»

26.04.2023

  ОЙЫН-ВИКТОРИНА
                           «ХАЛЫҚТАР ДОСТАСАДЫ – ТІЛДЕР ДОСТАСАДЫ»
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз.
Мұғалім:

Әлемде 2000-3500 мыңға жуық тілдер бар. Олардың ішінде ескірген, қазіргі уақытта қолданбайтындары да бар.Тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай оның қолдану аясын кеңейте түсу қажет. Тіл туралы заңның баптары осындай міндеттер жүктейді. Алайда заң талаптары әлі толық орындала қойған жоқ.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, Үкімет қарауына ұсынылды. Онда мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамытудың жолдары қарастырылып, нақты тетіктері көрсетілген. Біздің ең басты міндетіміз: тіл тазалығын сақтау, тіл байлығын арттыру, ғылым тілін ұштау, интеллектуалдық өрені биіктету және қазақ тілін елдің бүкіл азаматын топтастыратын біріктіруші күшке айналдыру.
Мұғалім:
Анамның тілі – ардақтым менің

Әлемнің құты,

Шешемнің сүті,

Сіңірген тұла бойыма.

Бар асылын халықтың,

Лұғатын ұлы тарихтың,

Құйған сана-ойыма.

Туған тілім, өркенде,

Бола бер күшті, көркем де!

Ана тілі – адам баласына табиғат ананың берген үлкен сыйы. Ол

халқының ар-намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады.

Тіл байлығы елдің елдігі, ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-санасы, дәстүрлерінің қай дәрежеде екендігін көрсетеді. Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениетке, ғылымға жетіп, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз.

Мұғалім:  «Өнер алды - қызыл тіл» дегендей, адам баласының байлығында тілден артық несі бар? Ана тіліміз – баға жетпес байлығымыз. өз тіліміздің құдіретіне, қасиетіне жете білейік, қастерлейік.

Тіл әр ұлттың өзіне тән ажырағысыз белгісі, киелі қастерлісі, ұлттың ұлы мақтанышы. Ол атадан балаға мирас баға жетпес асыл мұра. Демек, әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс.
Мұғалім:  Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз.Біздің ең басты міндетіміз: тіл тазалығын сақтау, тіл байлығын арттыру, ғылым тілін ұштау, интеллектуалдық өрені биіктету және қазақ тілін елдің бүкіл азаматын топтастыратын біріктіруші күшке айналдыру.

Мұғалім:  
«Біз бар қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі еліміздің мемлекеттік тілін барлық қазақстандықтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш – жігерімізді жұмсаумыз керек». – деген болатын елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Орамды ой, қорғасындай салмақты, алмастай асыл Жолдаудың алтыншы басты негізінде қазақ халқының тілі мен мәдениетіне, туған тілімізге де қатты көңіл бөлінген.

Мұғалім:  «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз» деген жолдар мәдениет қайраткерлерінің ғана емес, елін сүйер әр адамның жүрегінен жол табары анық. Кез-келген ұлттың тек мәдениет арқылы ғана ұлт болып қалатыны баршаға аян, ал елдігімізді сақтау – туған тіліміз бен мәдениетімізді сақтау деген сөз.

Мұғалім:  

Ана тілі – адам баласына табиғат ананың берген үлкен сыйы. Ол халқының ар-намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады. Тіл байлығы елдің елдігі, ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-санасы, дәстүрлерінің қай дәрежеде екендігін көрсетеді. Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениетке, ғылымға жетіп, өзімізді жұртқа, әлемге танытамыз.
Мұғалім:  

Ана тілі жайлы толғанбаған ақын-жазушы да жоқ шығар, немесе әйгілі ақынымыздың:

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деген тамаша өлеңін айтып өткен жөн болар. Өзі жасап жатқан ортасының мемлекеттік тілінің қадір-қасиетін сезініп, оны құрметтеп өскен ұрпақтың елінің болашағы жолында атсалысатын саналы адам болып шығатынына сенеміз.


Ендігі кезекті сайысқа береміз:

І. Сәлемдесу

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы
ІІ. Білгірлер сайысы. Аударма жасау.
Қазақ халқының мақалдары
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын
Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды
Дәмді болса достық қымбат, мәнді болса жастық қымбат
Досыңның үйі өз үйің, досыңның сыйы өз сыйың
Қысқы азығыңды жаз жина
Досы көпті жау алмайды
Ырыс басы ынтымақ
Көппен көрген ұлы той
Достыққа бірлік пен теңдік керек
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады


ІІІ. Суреттер бойынша мақал айту

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы
ІV. Капитандар сайысы. Қазақша бір сөз айтып, сол сөздің соңғы әрібінен басталатын басқа сөз жалғастыру. Егер тоқтап қалса сол ойыннан шығады.

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

VI. Үй тапсырмасы. Достық сөзін талдау

1 – «Жалын» тобы

2 – «Қырандар» тобы

Сайыстың соңында әділ қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпайларының есебін жариялайды. Жеңіске еріскен топтарға мадақтамалар мен сыйлықтар үлестіріледі.

1 орын –

2 орын –
1 Жүргізуші:
Қазақстанда жасайтын барша халықтар тіліне, ұлтына, шығу тегіне, дініне қарамастан барлығы тең құқықты және тату. Қазақстан халықтарының достығы мәңгі болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын
!

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст