«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білгенге маржа" тапқырлар сайысы

22.01.2020

Білгенге маржан

(тапқырлар сайысы)

  • оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен алған білімдерін қайталату.
  • берілген тапсырманы шапшаңдықпен, жауапкершілікпен орындай білуге баулу, дағдыландыру.
  • ұйымшылдыққа, әдептілік пен тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Білгенге маржан» атты тапқырлар сайысына қош келдіңіздер! Білімді адам қай кезде де ешнәрседен қорыққан емес, сондықтан алған білімдерімізді көрсете білетін, шапшаңдық пен әдептілікті талап ететін, бірлікте жұмыс жасап, қызықты да, көңілді сұрақтарға жауап беретін кез келді!Олай болса ортаға 5,6-сынып оқушыларынан құралған топтарымызды  қошеметпен шақырамыз!

1-топ: «Қыран» тобы

2-топ: «Тұлпар» тобы

Оқушыларекітопқабөлінеді. Әділ-қазыларалқасыменжәнесайыстыңкезеңдеріментаныстырыпшығу.

Олай болса, сайысымызды бастамас бұрын, ана сүтімен дарыған қасиетті тіліміз туралы бейнематериалға кезек берейік.

Келесі кезекте, сіздерді сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсем:


1. Таныстыру

Бұл кезеңде әр топ өз таңбасын салып көрсетіп өздерін таныстырады. (жоғары ұпай -5  ұпаймен  бағаланады)
2. «Ойлан тап!» 

Берілген қызықты сұрақтарға тез әрі нақты жауап айтады.(1 сұрақ-5 ұпай)

3. «Полиглот»

               Жасырынған жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде айту. (1 жұмбақ-3 ұпай)
4. «Қызықтыұйқастар» 

                Жартылай сөзбен, жартылай суретпен берілген қызықты ұйқастарды табу. (1ұйқас -5ұпай)

5. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Топтан бір оқушы шығады.Ол құлаққапта болады.  Ол –түсінуші, қалған оқушылар – түсіндірушілер. (1 сөз-1ұпай)

6. «Құра және оқы»

«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан!» деген сөзден бірнеше сөз құрап жазу. Топпен жұмыс.

 

Жүргізуші: Олай болса, оқушылар дайын болса, І кезең –таныстыру кезеңін бастаймыз!

1. «Таныстыру!»

Әр топ өз топтарының атын білдіретін белгіні салып, оны қорғап, таныстырады.

2. «Ойлан тап!» 

Берілген қызықты сұрақтарға тез әрі нақты жауап айтады.

1 Инені матаға шаншып кіргізу үшін не қажет?

(оймақ)

2 Жаңа сойылған малдың өкпе- бауырынан жасалатын тағам?

(қуырдақ)

3 Көкөністерден жасалатын суық тағам?

(салат)

4 Жаңа төлдеген малдың алғашқы сүті?

(уыз)                                                         

5 Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі бағалы бұйым?       

(білезік)

6 Қағазды қиятын құрал?

(Қайшы)

7 Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын?

(Қымыз)

8 Ыстап кептірілген еттің атауы?

(Сүр ет)

9 Матаны ылғалды жылумен өңдеу дегеніміз?

(үтіктеу)

10 Қалыңдықтың бас киімі?

(сәукеле)

3. «Полиглот»

Жасырынған жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде айту.    

(қазақ, орыс, ағылшын)
І топ 
1. Темір тілді, күміс үнді. (Қоңырау, колольчик, king) 
2. Қыста келген, көктемде еріген. (Қар, снег, snow ) 
3. Үй үстінде асыл тас, алайын десе табылмас. (Жұлдыз,  звезда, star) 
4. Түк білмей барасың, тәлімін аласың. (Мектеп, школа, school ) 
5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса атта ма. (Кітап, книга,book) 

ІІ топ 
1. Сырты тәтті, іші тәтті, ортасы сүйек қатты. (Алма, яблоко, аpple) 
2. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы, лыжи, skiing ) 
3. Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар. (Бор, мел,a piece of chalk ) 
4. Жесең ащы, көзіңнен шығар жасы. (Пияз, лук, bow ) 
5. Аспанға ұшар бу болып, жерге қайтар су болып. (Бұлт, облако, cloud ) 

 

4. «Қызықты ұйқастар» 

                Жартылай сөзбен, жартылай суретпен берілген қызықты ұйқастарды табу.


І топ 
1. Жизнь –өмір, уголь –көмір. 
2. Таможня – кеден, пол – еден. 
3. Рыба – баЂлық, народ – халық. 
4. Зуб – тіс, дело іс. 
5. Лето –жаз, гусь – қаз. 

ІІ топ 
1. Город – қала, ребенок – бала. 
2. Игра – ойын, шея – мойын. 
3. Число – сан, кровь – қан. 
4. Человек – адам, шаг – қадам. 
5. Дверь – есік, колыбель – бесік. 

 

«Тапқыр болсаң, тауып көр!»

Топтан бір оқушы шығады.Ол құлаққапта болады.  Ол –түсінуші, қалған оқушылар – түсіндірушілер.

 

1-топ: тіл, айтылым, мойын, құлақ, сан есім, қайталау, ит, боран, құстар, мектеп, қаламсауыт, жұрнақ.

 

2-топ: арыстан, болашақ, қолтырауын,саусақ, жасандылық, арман, жұмыс, шаңғы, отбасы, ана, биле, жалғау.

 

6. «Құра және оқы»

«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан!» деген сөзден бірнеше сөз құрап жазу. Топпен жұмыс.

 

Сайыс соңы. Оқушылардан кері байланыс.

Әділ қазы алқаларының шешімі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:billim-all.kz сайты.www.tarbie.kz сайты.

 

 

Просмотров: 1328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст