«Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сабақ
Бөлім: |
Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік |
|
Мұғалімнің аты-жөні |
Балтамуратов А.Ж. |
|
Күні: |
04.04.23 |
|
Сынып: 3 |
Қатысушылар саны: 4 |
Қатыспағандар саны: 0 |
Сабақтың тақырыбы |
Көлеңке театрын қалай жасайды? |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру; 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін, денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіре алады. Көптеген оқушылар: адамдардың жарықтың шағылуын пайдалану жолдарын атай алады; Кейбір оқушылар: дереккөздерден көлеңке театры туралы мәліметтер іздеп таба алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Ұйымдастыру, өзін – өзі тексеру
8 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді. Үй тапсырмасын тексеру: «Кубизм» әдісі арқылы жүзеге асады. 1.Көлеңке дегеніміз не? 2. Айға жердің көлеңкесі түскенде Ай көрінеді ме? 3. Заттардың артында қара дақ пайда болады? Осы дақты не деп атайды? 4. Ай Жер мен Күннің арасына келіп қалса не болады? Оқу материалын жариялау «Ойлан, тап» әдісі арқылы жүреді: -Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар. Күндіз қасыңнан қалмайды, - Қандай сөз шықты? -Көлеңке түсіретін қандай заттарды атай аласыңдар? -Көлеңке театрын көрдіңдер ме? - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Сабақ мақсаты жария етіледі. |
Сұраққа жауап береді.
Сұраққа жауап береді. Тақырыпты шығарады.
|
Оқушыларды «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау. |
|
Жаңа білім 15 мин
2 мин
Бекіту 15 мин
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады. А) Негеш пен Эврика достарына көлеңке театрын көрсетпек болды. Неліктен қабырғада көлеңке пайда болады? Көлеңке жақсы көрінуі үшін балалар не істеуі керек? Видеоролик «Көлеңке театры» Көлеңке театрынан үзінді «Арыстан мен тышқан» ертегісі.
Сергіту сәтінде «Хайуанаттар бағы» түрлі бейнелерді көрсету.
(Ұ) 2-тапсырмада Саралау тапсырмасы «Дұрыс тұжырым жаса» әдісі |
Тапсырмалар орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Ойнап серігеді.
Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді. |
Дескриптор: -Неліктен қабырғада көлеңке пайда болатынын атайды-1балл. - Көлеңке жақсы көріну жолдарын айтады-2балл. - Түрлі бейнелердің көлеңкесін түсіріп көрсетеді, көлеңкенің қашан айқын көрінетінін анықтайды-2балл. Дескриптор: - Көлеңке заттың пішініне байланысты екенін айтады-2балл.
|
Оқулық Жануарлар суреті, қолшам
Оқулық
|
Кері байланыс 5 мин |
Кері байланысты «Тик ток» әдісі арқылы. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. |
Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады. |
ҚБ қойылады. |
|