«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мәңгілік ел" және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша мектепте өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат»

18.01.2020

«Мәнгілік ел» және  «Рухани жаңғыру»  жалпыұлттық  түсініктің  мектептегі  патриоттық  тәрбиеге  әсері  бойынша 

Кен негізгі  мектебінде  өткізілген

 іс-шаралар  туралы  ақпарат

                                                                                              10.01.2020 г

           Кен   жалпы білім беру негізгі мектебінде «Мәнгілік ел» және  «Рухани жаңғыру»  жалпыұлттық  түсініктің  мектептегі  патриоттық  тәрбиеге  әсері  бойынша мерекелік іс-шара өткізілді.  «Мәнгілік ел» және  «Рухани жаңғыру»  »  мақсатында   мектепте  жоспары  құрылып бекітілді .

 Мектептегі рухани жаңғыру бағдарламасының басты мақсаты болып, өскелең ұрпақтың бойында шынайы патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз еліне, өз қаласына, оның тарихына, мәдениетіне, салты мен дәстүріне деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстан халқының өркениетті мәдениетін және дәстүрін дәріптеу.  Жоспар    бойынша   келесі  іс-шаралар  өткізілді:  спорттық  жарыстар,  үйірме  жетекшілер  ұйымдастырумен  әр  мерекелерге  көрмелер  көрсетілді.  Жыл  бойы  тарих,  география  , қазақ  тілі , орыс тілі  , биология  пән  мұғалімдері  оқушыларға жаңа  ақапараттар   беріліп  отырылады.  Тарих  пәнінің  мұғалімі  Тасмаганбетова  Ж.С.  және  мектеп  кітапханашысы  Алясхарова  Г.М.   ұйымдастырумен  оқушылар  арасында  «Мен  өз  елімнің  азаматымын»  дөңгелек  үстел,  пікірталас  өткізді .  Жыл  бойы  сынып  жетекшілер  оқушылармен  және  ата-аналармен  кездесулер  ұйымдастырып    баяндамалар ,  тренингтер  және  ойындар  өткізді.  Ата-аналар  жиналысында  «Рухани  жаңғыру -  болашаққа  бағдар»   сұрақтары  қарастырылып  пікірталасты. 1-6 сыныптарда «Біз Қазақстанның болашағы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

       Оқу сағатының мақсаты және міндеті:

1. Қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті,ұлттық келісімді,біздің Отанымыз туралы балалардың білімдері мен идеяларын тереңдету және кеңейту;

 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.Туған жер Қазақстан тарихы туралы көбірек білуге деген қызығушылық пен тілектерін дамыту.

3. Өз еліміз,халқымыз үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Сынып сағатына 1-6 сынып оқушылары, сынып жетекшілері,оқушылардың ата-аналары қатысты Сынып сағаты «Қуаныш шеңберінен» басталды.     -Егер сіздер біздің еліміздің тағдыры туралы алаңдасаңыздар,қолдарыңызбен шапалақтаңыздар. -Егер өзіңізді патриот деп санасыңыздар, екі қолдарыңызды жоғарығы көтеріңіздер. -Егер сіздер біздің еліміз әлемде лайықты орын алатынына сенсеңіздер, екі қолдарыңызды алға қарай созыңыздар. -Еліміздің болашағы сіздерге байланысты деп ойласаңыздар,бір-бірлеріңнің қолдарыннан ұстаңыздар. Бір сағат бойы оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдермен жұмыс істеді, «Менің елімнің патриоты» тақырыбында викторина өткізіліп,менің Отаным туралы әндер мен өлеңдерді орындады. Сынып сағат соңында балалар ұлттық ойындар    Асық, Тоғызқұмалақ ойнады. Оқушылар әлемде тұратын әр адам, өз Отанымен, халқымен, елімен, жерінің тарихымен мақтаныш сезіміне бөлену керектігін түсінді. Бүгінгі күні біз оны әр дайым есте сақтауымыз керек.

   7-9 сыныптарда «Мамандық таңдау - болашаққа көзқарас» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстырып, кәсіптердің түрлі әлеміне қызығушылықтарын дамытып ,әртүрлі әдістерді қолдану. Міндеттері: Әртүрлі мамандық түрлеріне құрметпен қарауды әлеуметтік баламалы ету; оқушылардың мамандық таңдау мәселесі бойынша терең және жан-жақты болуы;мамандықты таңдаудың себептерінің жиынтығын қалыптастыру:өзін-өзі тану және өзін-өзі растау, отбасылық және жақын адамдарға пайда табу ниеті, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Сынып сағаты оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстырудан басталды. Сабақта әңгімелесіп, мамандықтардың әр  түрлігі туралы ойланып, мамандық таңдау туралы дұрыс шешім қабылдап  барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін өлшеді, оқушылар мамандықты дұрыс таңдауды ұсынылған тесттерге жауап берді.   Сабақтың соңында балалар мынадай шешімге келді:бақытты адам, ол сүйікті ісімен айналысатын,кәсіпті дұрыс таңдаған адам.Ол өз орнында екенін және алтын қолы бар адам деп айтады.Оқушылар шынайы өмірге дайын екендігін көрсете алды.

           Келешекте  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша    өз  жұмысын  жалғастырады.  Сонымен  қатар  мектебімізде  мұражай  ашылып: 3 бағытта  «Туған  жер», «Туған  ел», «Мәңгілік  ел»    деректі  материалдар  іздестіріп  жинақталып жатыр.  

 

Просмотров: 1032


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст