«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық ертеңгілік

18.01.2020

Қатысушылар:

Аяз Ата

Ақшақар

Аю

Қоян

Жалмауыз кемпир

 

Звучит  музыка 

Под  фанфары  выходят ведущие

 

І жүргізуші: Қайырлы күн!  Құрметті қонақтар.  ардақты ұстаздар, оқушылар!

 

2 –ведущий: Добрый  день ! Уважаемые  гости , учителя и ученики!

 І жүргізуші: 

Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Жаңа жылды жаңаша,
Қызықты ғып, шат қылып,
Өткізейік тамаша!
Құрметті  ата – ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға!- дей отырып, жаңа жылдық іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ведущая:

С песнями и смехом все вбежали в зал,
И лесную гостью каждый увидал
Высока, красива, зелена, стройна,
Разными огнями светится она
Разве не красавица?
Всем вам елка нравится?
Всем нам очень хорошо, весело сегодня,
Потому что к нам пришел
Праздник новогодний!
Этот день мы ждали долго,
Не видались целый год,
Запевай, звени под елкой
Новогодний хоровод.

 

 

І жүргізуші: 

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тышқан жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

Қөрініс

 

 Қоян:

 – Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю:

– Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған,
Қысқы ұйқымды қиып бүгін
Ортаңызға келіп тұрмын.
Қоян:

– Ал, аю аға, бастайық,
Асықпайық, саспайық!
Аю:

 –  Ендеше, қоян, тұрмайық,
Шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Қоян:

– Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мереке думанымызға жылдағыдай мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю:

– Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді дегендей…
Қоян:

– Я десейш-ау, сыпырғышын сүйретеді де жүреді, ұша алмайды да. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш  пайдаланғалы қашан?!
Аю:

– Ия, түрін айтсаңшы оның, шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба… ха-ха (күледі).
Қоян:

– Хи-хи (күледі).
Сол кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін сиқырлайды:
–    1,2,3,
Сиқырлы күш,
Мына екеуін лезде,
Өзгертші тез! – дейді де, балалардың арасына отырып алады.
Қоян:

– Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып кетті ғой…

Аю:

 – Не, не, алжыған неме,
Жасыңа жетпей адасып,
Қалыпсың ғой шатасып.
Қоян:

– Аю отыр еді партада
Екі қолы қалтада.
«А» дейді, «б» дейді,
«Р»-ға тілі келмейді. 
–    Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю:

– Жетер, енді, қоян, Ашуыма тиме! Одан да айт, қандай сыйды Аяз атаға тарту етеміз?
Қоян:

– Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз! Сәбізді сыйлайық! Өзі дәмді, өзі тәтті, өзі пайдалы, өзі шипалы.
Аю:

 – Жоқ, болмайды. Бал береміз. Бұл әлемде балдан асқан тәтті де дәмдісі де жоқ. Бал сыйлаймыз!
Қоян:

– Жоқ, сәбіз!
Аю: – Жоқ, бал береміз!
Екеуі таласып төбелеседі.

Когда  ругаются  зйчик и медвежонок  Ақшақар  заколдует их

Ақшақар:

Я в сугробе родилась,
Из под снега поднялась,
Ледяного снегового молочка я напилась.
Белым снегом моюсь я,
На снегу постель моя,
На снежинках, на перинках кружевные все края.
Белой ручкой я махну,
Танцевать в лесу начну,
А устану — перестану и под елочкрй засну.

Поздравляю всех гостей!
Поздравляю всех детей!
Была у вас я год назад,
Снова вас я видеть рада.
Подросли, большими стали.
А меня-то вы узнали?

Ребята   я хочу  загадать вам загадки а вя должны отгадать

Загадки

 

Он приходит в зимний вечер
Зажигать на елке свечи.
Бородой седой оброс,
Кто же это?
(Дед Мороз)

***

Что за нелепый человек
Пробрался в двадцать первый век:
Морковкой нос, в руке метла,
Боится солнца и тепла?
(снеговик)

***

С неба падают зимою
И кружатся над землёю
Лёгкие пушинки,
Белые ….(снежинки).

***

Приходит к нами с подарками,
Блестит огнями яркими.
Колючие иголочки.
Это – наша…(ёлочка).

***

Стоит, колючая, как еж,
Зимою в платье летнем.
А к нам придет
Под Новый год —
ребята будут рады.
Хлопот веселых
Полон рот;
Готовят ей наряды.
(елка)

***

Кто поляны белит белым?
И на стенах пишет мелом?
Шьет пуховые перины,
Разукрасил все витрины?
(мороз)

***

Замечательный художник
У окошка побывал,
Отгадайте-ка ребята,
Кто окно разрисовал.
(мороз)

***

Выгляну в оконце — лежит белое суконце.
Всю зиму лежит, а весной убежит!
(снег)

***

Что в огне не горит
И в воде не тонет?
(лед)

***

Зима на крыше серые
Бросает семена —
Растит морковки белые
Под крышами она.
(сосулька)

***

Кто, угадай-ка,
Седая хозяйка:
Тряхнет перинки,
Над миром пушинки?
(метелица)

***

Вился, вился белый рой.
Сел на землю — стал горой.
(сугроб)

***

Вот серебряный лужок,
Не видать барашка,
Не мычит на нем бычок,
Не цветет ромашка.
Наш лужок зимой хорош,
А весною не найдешь.
(каток)

***

Тройка, тройка прилетела,
Скакуны в той тройке белы.
А в санях сидит царица,
Белокоса, белолица.
Как махнула рукавом —
Все покрылось серебром.
(зима)

 

Ән:                                                    Би:
Ақшақар:

– Новый год пусть приласкает, 
Счастье в жизни принесёт. 
Пусть надежда согревает, 
А судьба пусть бережёт!

Что случилось   с зайцем и медвежонком  кто скажет?

Почему они поругались? Надо встречать   новый  год  с хорошим настроением. 

Дети отвечают  Ақшақар  что сделала  баба  яга  с зайцем и медвежонком.

Мыстан кемпір:

 – Ешкімге зиянымды тигізбейін деп өзіммен-өзім отырғанмын. Жылда келіп шырша тойының шырқын бұзудан шаршадым. Болмайды тара десем де, бәрібір ешкім тыңдамайды. Әрі сақалды бір шал келіп қатырып тастайды.
Ақшақар:

– Зачем вы  обидели зайчонка и  медвежонка
Мыстан кемпір:

– Балалар, айтыңдаршы, өздері ғой мені мазақтаған, солай ма?
Балалар: – Ия.Солай.
Мыстан кемпір:

– Ашуыма тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар:

 – Дети мы  сегодня  никому  не дадим кого- то обидеть

Балалар:

-Иә. Солай.
Ақшақар:

– Дети   угадайте  что это. Правильно смайлики. Каким будет  новый год  и каким мы  настроением  встретим  это зависит от нас. Это ваше  первое  задание.

Дети выбирают смайлики

Мыстан кемпір:

Оо, мыналарың керемет екен, маған ұнады. Менің де осындай көңіл-күйде болғым келеді.
Ақшақар:

– Баба   Яга расколдуй зайца и медвежонка . Будь добрее  сегодня.

 Мыстан кемпір:

 – Ол үшін мына қоянның қолындағы «Сәбіз» сөзінен 4 сөз кім құрап береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан кемпір:

– Ал, енді, аюдың қолындағы «бал» сөзін пайдаланып ары қарай жалғастырып жаңа сөздер жасау керек. Қане, кімдер,тез-тез құраймыз. Мысалы: бала, балшық т.с.с (балапан, балақай, балақан, балтыр, балдыр, Балқаш, Балтық, балғын)
Мыстан кемпір :

– Балалар, сендер, өз білімдеріңнің арқасында достарыңа көмек бердіңдер. Мен де сөзімде тұрып, мына екеуін сиқырдан босатайын:
1,2,3
Сиқырлы күш,
Екеуін қайтадан,
Қалпына келтір тез!
Қоян:

– Алақай, алақай! Балалар, үлкен рахмет сендерге!
Думанды жалғастырайық!
Ортаға ескі жылды шақырайық!
Аю:

– Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл – жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Ұлу” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Ескі  жыл: – Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыз, Ақшақар!
–    Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Әлі де болса атқарылар істер көп.

 

Ақшақар:

– Старый  год не обижайся, что уходишь.  Ребята  приготовили для тебя свой  музыкальный номер.
 

 

Музыкальный  номер

 

 

Ескі жыл: – Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды ренжітпеңіздер! Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі келмей жатыр ғой. Телефон соғып көрейінші.
–    Алло, Тышқан  жылы! Қайдасың?
Дауыс: – Бармын, бауырым, бармын!
Ескі жыл: – Балалар, Аяз ата екеуіңізді көп күтіп қалды ғой.
Дауыс: – Ертіп аяз атаны
Жорғалап келем жорғалап,
Баршаңызға арналған
Сыйлықтарды дорбалап.
(Ескі жыл кетіп қалады.)
Ақшақар:

 – Дорогие  гости и дети скоро к нам  приедет  Дед  Мороз и новый год.  

Ақшақар:

 Ребята, давайте  подскажем  нашим гостям, каким должен быть настоящий Дед Мороз. Пожалуйста, дружно отвечайте на наши вопросы.
игра «Да или нет». 
1) Дед Мороз старик веселый? (Да!)
2) Любит шутки и приколы? (Да!)
3) Дед Мороз известен всем? (Да!)
4) Он приходит ровно в семь? (Нет!)
5) Дед Мороз старик хороший? (Да!)
6) Носит плащ он и калоши? (Нет!)
8) Он подарки нам приносит? (Да!)
9) Запах ёлки в дом он вносит? (Да!)
10) Знает песни он, загадки? (Да!)
11) Съест все ваши шоколадки? (Нет!)
12) Он зажжет ребятам елку? (Да!)
13) Носит шорты и футболку? (Нет!)
14) Он душою не стареет? (Да!)
15) Нас на улице согреет? (Нет!)
16) Санта Клаус брат Мороза? (Да!)
17) Любит проливать он слёзы? (Нет!)
18) Дед Мороз боится стужи? (Нет!)
19) Со Снегурочкой он дружит? (Да!)
20) Дед Мороз несет подарки? (Да!)
21) Ездит он на иномарке? (Нет!)
22) Носит тросточку и шляпу? (Нет!)
23) Иногда похож на папу? (Да!)

 

 

Қоян:

– Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аю:

– Аяз ата келеді жаңа жылмен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Хормен:

– Аяз ата, жаңа жыл! Аяз ата! Жаңа жыл!
Аяз ата:

– Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Жаңа жыл:

 – Жыл иесі жылан болам ,
Мың шырайлы нұрға толам.
Ырыс, дәулет, несібенің,
Бақ – бастауы өзім болам.
Қоян:

– Қанекей, балалар, араларыңда әнші, биші өнерпаз болса, Аяз  Атамыз бен Жаңа жылымыз өнерлеріңді тамашалағысы келіп отыр. 
Ақшақар:

Аяз – Ата! Балаларға сыйлық әкелдіңіз бе? 
Аяз – Ата:

Әрине, бір қап әкелдім.  Қане, жаңа жыл шыршасы туралы тақпақтарды кімдер айтып береді?
Тақпақтар.
Би:                                                         Ән:
Қоян:

-  Балалар, жаңа жылға қандай тілектерің бар?
Жаңа жыл:

 – Балалар, менің әкелген үш жұмбағым бар. Шеше аласыңдар ма? 
– Қысы-жазы  суға  толы. Ол  не?
Жалмауыз  кемпір  алдына  шығып:

– Мен білемін.  Ол горшок !
Бәрі  күледі. 
Жаңа жыл:

–  Таппадың, ол құдық.
–    Қыста ақ, жазда сұр, Бұл не?
Балалар: –  Қоян.
Жаңа жыл:

– Қыс бойына жатады,
                        Тәтті ұйқыға батады.
                         Бұл не?
Балалар:

– Аю.
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

Ақшақар:

Всем спасибо за вниманье,
За задор, за звонкий смех.
Вот настал момент прощанья,
Говорим вам: «До свиданья!
До счастливых новых встреч!»

І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Ән «Аяз ата»

ІІ жүргізуші: Дедушка Мороз и Снегурочка до новых  встреч.

 

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Дорогие гости и дети!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп,бақытты болайық!

ІІ жүргізуші: 

С Наступающим новым годом! Желаем вам всего  хорошего и самое  главное  здоровья  и семейного  благополучия.

 

 

Просмотров: 404


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст