Тақырыбы: «Алғыс айтамын»
Сынып: 4 «А» сынып
Мақсаты: «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату.
Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарынбілдіріп, алғысайтады, баталарынбереді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Алғыс айтамын» деп аталады.
Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі.
- Бүгін балалар сыйластыққа байланысты тәрбие сағатымыз да біз «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 топ 3 кезеңге қатысатын болады.
«Шаттық шеңбер»
Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық
«Рахмет» сөзін қосып тілек айту.тренингі
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.
Сұрақ – жауап.
1. Ата – анаңыздың жақсы жақтарын атаңыз?
2. Ризашылық дегеніміз не?
3. Ата – анаңыз үнемі еркелетеме?
4. Алғыс дегенді қалай түсінесің.
5. Осы мереке керек деп ойлайсызба?
6. Мектепке көңіліңіз тола ма?
7. Досыңыздың ренжітетін қылықтары?
8. Кімге алғыс айтар едіңіз?
9. Қандай өнерлеріңіз бар?
Топтық жұмыс (арнайы әдіспен бөлінетін болады).
«Ғажайып алаң» ойыны
Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.
І- кезең сұрағы.
1)Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)
Әдепті екен бұл дейміз!
2)«Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан. (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы...(жылатуға болмайды.)
- Құстарды.....(атуға болмайды.)
- Қыз баланы....(ренжітуге болмайды.)
- Мектепке.....(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта......(айғайлауға болмайды.)
3)«Не істеукерек?» (бұл да солсияқтыжүргізіледі)
- Үлкенкісіні.....(сыйлаукерек.)
- Үлкенніңтілін....(алукерек.)
- Үлкендерге.....(сәлем беру керек.)
- Кішілерге.....(қамқор болу керек.)
ІІ -кезең
1)- Сендерге берілетін тапсырма мынадай:
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кімдейміз?
Жасырылғансөз (Ұқыпты)
Ұқыпты екен бұлдейміз!
2) Бинго- 2 ұпай
3 )Таудай биікт алабы,
Сабағы жақсы баланы
Кімдейміз?
Жасырылға нсөз (үлгілі)
Үлгілі екен бұл дейміз.
ІІІ -кезең
1) Өлеңдерді шешіп көрейік
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді!
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әкелді!
Не деп барып жеу керек? (рахмет)
2)Балалар жүр көшеде
Естіледі айғай-шу.
Сенде шықтың, көршіңді
Қойып кеттің байқамай.
Не деукерек? (кешіріңіз)
3)Осы келген бетіңде
Допты қудық, жарыстық.
Көшенің сол шетіңде,
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсізбе?)
Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Оқушылар тағы кімнің рахметк елайықты екені туралы пікіралмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкіжан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызы жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірг еқұрайық! Бастысы – алғыс айта білу. Анаға – өмір сыйлағаны үшін, Әкеге – қорған болғаныүшін, Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін, Сөзге – жанды жылытатыны үшін, Күнге – шуағы мен назары үшін, Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығыүшін, Досқа – құшағы мен иығы үшін, Әжге – ыстық алақаны үшін, Суға – тіршілік көзі болғаны үшін, Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін, Отқа – жылулығы үшін. т.б.
Сергіту сәті: Сымсыз телефон
«Алғыс хат» жолдау, оқу
Қорыту.– Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар!