Текст
Кең ауылдық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты оқырмандар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты : қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру. Дөңгелек үстел әңгіме-сұхбат ретінде өткізілді. Оқырмандар бір-бірімен пікір алмасып, жемқорлыққа байланысты жағдаяттарды талдап, қорынтынды жасады.