Мектепішілік дебат турнирі
Күні: 24.01.2023
Сыныбы: 8, 9
Дебат
Мақсаты: Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, сұрақ қоюға дағдыландыру;
- Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- Өз көзқарасын айтуға машықтандырып, өз ойын дәлелдеуде аргументтер қолдану, статистикасын анақты айтуға үйрету;
- Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
Түрі: Дебат (пікірсайыс) АПФ форматында
Жүргізуші: Cәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, әріптестер! Бүгінгі мектепішілік дебат пікірсайыс турниріне қош келдіңіздер! Дебат АПФ(Американдық парламенттік формат) форматында өтеді. Яғни бұл жерді команда 2 оқушыдан тұрады, 1 оқушы пример-министр, 2 оқушы үкімет мүшесі. Турнирде 4 команда қатысады. Әр команда 3 ойын ойнайды, яғни бір-бірімен кездеседі.
Дебат турнирінде 3 қарар қарастырылады:
6 Бұл палата теледидардың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды
10 Бұл палата шығармашылықтың орнына тұрақты жұмысты таңдайды
19 Бұл палата қатыгез компьютерлік ойындарға тыйым салады
Жеребе лақтыратын боламыз, үкімет және оппозиция, содан кейін бөлініп отырып, дайындыққа ой жинақтауға 7-8 минут беріледі.
1 болып ортаға үкімет спикері шығады, 5 минут уақыт беріледі, содан кейін оппозиция спикері ортаға шығады, келесі сөз кезегін, үкімет мүшесі содан кейін оппозиция мүшесі шығып тақырыпты толықтырады. Соңында спикерлер шығып анализ жасайды.
Әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:
Әділ-қазылар мүшелері:
Бұл пікірталасқа 8, 9 сынып оқушылары қатысады. 4 команда қатысады.
1 команда
2 команда
3 команда
4 команда
«Бұл палата қатыгез компьютерлік ойындарға тыйым салады» тақырыбында 2 кабинетке командалар бөлінеді.
Дебат соңында әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.