Тақырыбы: «Кім болам? ».
Мақсаты: Балаларға мамандық туралы жалпы түсінік беру, өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту. Үлкендердің еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: аспазшы, дәрігер, жүргізүші, құрылысшы, мұғалім
Керекті құралдар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар.
Шаттық шеңбер:
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге,
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.
Жұмбақтар жасырады:
v Аялаймын барыңды,
Аштырмаймын қарныңды.
Тосырқамай кел күнім,
Тойғызамын бәріңді. (Аспазшы)
v Іш ауырса, тіс ауырса,
Бізге дәрі береді.
Барлық бала, барлық ана,
Оны жақсы көреді. (Дәрігер)
v Қолымда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын. (Құрлысшы)
Дидактикалық ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты:Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру,еңбекті құрметтеуге дағдыландыру,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:әр түрлі мамандықтар суреттері
Ойын барысы: суреттер тақтаға іленеді. Бала өзі қалаған мамандығын қарап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді.
Дыбыстық жаттығу:
«Зе-зе-зе,зе-зе-зе – бұл шынылы терезе»,
«За-за-за,за-за-за – үйдің іші тап-таза»,
«Зу-зу-зу,зу-зу-зу – күрекпен жерді қазу»,
«Са-са-са, са-са-са – ызыңдайды маса
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Мақсаты: мамандықтарға не қажет екендерін атап, керекті заттарын орналастыруларын сұрайды.
Мамандықтарға не керек екенін айтады, суреттерін қыстырғышпен орналастырады.
Дидактикалық ойын:«Мен кім болам?»
Мақсаты: болашақта қандай мамандықты таңдайтындарын, не үшін таңдайтындарын айтады.
Рефлексивті – түзетушілік:
Сұрақтар:
- Қандай мамандықтармен таныстық?
- Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
1. Еңбек түбі - береке.
2. Еңбек түбі - зейнет.
3. Еңбегі аздың өнбегі аз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: мамандықтардың атауларын, не істейтіндерін, пайдаланатын заттарын.
Болу керек: мамандықтар туралы мәлімет.
Істей білу керек: сұрақтарға толық жауап беруді, жұмбақтарды шешуді, өлеңдерді жатқа айта алуды.