«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің 5 – 9 сыныптарға арналған әзірлемесі
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке әкелгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып мектеп директоры Кадиров Жомарт Болатович балаларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.
1-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге
1-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер-дей келе ортаға кешімізді биімен ашатын _______________________________
1-ЖҮРГІЗУШІ : Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1- ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан қоян жылы мерекесімен құтықтаймыз.Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.Сапарға шықпас бұрын ортамызғы Аяз ата мен Ақшақарды шақырып алайық.
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Барыс жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Қоян жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық.
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Достар, біз халықаралық эксрпесс поезының жұмсақ вагонына отырып, Жаңа жылдық сапарға аттанамыз.
Стук колес , гудки паровоза
І- аялдама Польша (Музыка Полька)
1-ЖҮРГІЗУШІ: Варшава Польшанаң астанасы. Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.
Би
КОНКУРС-1 Ортаға 3 жұп шақырылады. Әр жұпқа шарлар беріледі. Жұптар араларына шар қыстырып, би билейді. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жару керек. Кімнің шары жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.
Стук колес , гудки паровоза
Музыка Бах
2-ЖҮРГІЗУШІ: 2 аялдамаГермания-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Мұржа тазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен.
КОНКУРС –2 Ұлдарға 3 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып , Жаңа жылға қарсы секіреді.Кім алысрақ секіреді сол женімпаз болып саналады.
Европаны араладық , ал енді ыстық экзотикалық Африкаға барамыз., бірақ поезд онда жүрмейді Сондықтан біз машинамен барамыз.
Ия, шіркін жол үстінде ән тыңдағанға не жетсін! Ендеше _________________________ орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
ШУМ МОТОРА МАШИНЫ
ЗВУК клаксона
1-ЖҮРГІЗУШІ: 3аялдама Білесіздер ме? Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Өте экзотикалық дәстүр,екен, бірақ сіздер қобылжымаңыздар.Біз бір-біріміздін бетімізге түкірмейміз, бірақ африканша достарымызды құттықтаймыз.
КОНКУРС- 3 3 қатысушы ортаға шақырылады. Әр біреуіне соска –пустышка беріледі.
Кім алысрақ түкіреді сосканы ,сол жеңімпаз болып саналады.
Саяхатымызды жалғастырамыз автокөліктен корабльге отырып, америкаға жол аламыз.
ПЛЕСК ВОЛН, КРИКИ ЧАЕК
БРИТНИ СПИРС
2-ЖҮРГІЗУШІ: 4 аялдама Біз Америкадамыз.Бостандық ескерткіші, Майкл Джексен, Мадонна, және Арнольд Шварцнейгр.Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты деп саналатын конкурс өткізіледі.
Ендеше ортаға өзін күшті, мықты деп саналатын оқушыларды шақырамыз.
Конкурс Сіздерге мынадай тапсырма: оң қолынызды артында ұстап, сол қолымызбен газетті бұрышынан ұстап, жұдырыққа жинап алыныз. Ең жылдамы женімпаз болып саналады.
Саяхатымызды жалғастырамыз.Ұшаққа отырып Жапонияға ұшамыз.
ШУМ САМАЛЕТА.
ЯПОНСКАЯ МУЗЫКА
1-ЖҮРГІЗУШІ: 5 аялдама 31 желтоқсанда күні жапондықтар, үйлерін жинап, тазалайды, ал түнгі 12.00 де ұйқыға жатадыЖаңа жылдың күннің бірінші сәулелерін қарсы алу үшін, таңның атысымен тұрады екен.
Енді саяхатымызды жалғастырамыз.
ШУМ Самолета
РУССКАЯ ПЕСНЯ
2-ЖҮРГІЗУШІ: 6 аялдама Біз көрші елімізге Ресейге келдік. Сіздер білесіңдер ме? 1700 жылға дейін Ресейде Жаңа жыл мерекесін тойламаған. 1966 ж 15 желтоқсанында Петр І 1700 ж 1 қантарынан бастап Ресейде жаңа жылсанау басталады деп жарғы жариялайды. Осы күні пушкалардан ату, смола жағу, үйлерді пихта, шырша ағаштарымен безендіру және де ән айтып, би билеу керек екен.
МАШИНА ДАУЫСЫ
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане достар, күлкімен орта толсын
1-ЖҮРГІЗУШІ :7 аялдама Қонақта жақсы, ал үйде оданда жақсы .Сонымен Біз Қазақстанға Ақмола облысы Жарқайың ауданы Кең ауылының негізгі орта мектебіне ораламыз.Көрініздер біздің мектепте қалай жаңа жыл мерекесін қарсы алады.
Конкурс-4 Мерекеден киін өте көп қоқыс қалады, ендеше бутылкаға газеттерді кім бірінші салады, сол жеңімпаз.
ЖҮРГІЗУШІ: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Аяз Ата:Уа, балаларым Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең
жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.
365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!
Ақшақар: Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2023 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!