Пән:Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Мен сурет саламын» Күні: Сынып: « «Б» |
Мектеп: Кең негізгі орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Каунышбекова Ә.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру. 2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану |
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: қарапайым сұрақтарға жауап береді. Көбі: суреттерді мұғалімнің көмегімен сәйкестендіру Кейбірі: алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. |
Күтілетін нәтиже |
Сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, сөйлемді толықтырып айтады. |
Жаңа сөздер: |
Сурет саламын, қайың, суретті бояймын. |
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі түсті суреттер, кестелер, желім қағаздар (стикерлер). |
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттың шеңбері» тренингі, «Кім алғыр?» дидактикалық ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, топтың жұмыс, сергіту жаттығуы. |
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
.. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Енді осындай тамаша көңіл - күймен шаттық шеңберін құрайық: |
слайд |
Өткен сабақты тексеру |
Балалар бүгін күн бұлттанып тұр , қараңдаршы, себебі бұлттар күнді басып алды. Күнге көмектсейікші, күнге көмектесу үшін біз сұрақтарға жауап беруіміз керек. Өткен тақырыпты еске түсіру. |
|
I. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендерге сурет салған ұнайма? Сендер ненің суретін саласыңдар? Бүгінгі біздің тақырыбымыз Мен сурет саламын |
Мұғалімнің сұрағына жауап береді. оқулықтағы суретке сұрақтар қояды. |
II. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. |
Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
|
2.1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Мұғалімнің артынан қайталайды. Сұраққа жауап береді. Есте сақтау үшін ойын өткізіледі. «Не жоқ?» |
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, қайталайды, сұраққа жауап береді. |
|
3. оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. Тыңда, қайтала, сәйкес суретті тап |
Балалар сәйкестендіреді |
|
Ә) Жазылым. оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. Сұраққа мұғалімнің көмегімен жауап береді |
- Сен ненің суретін саласың? - Мен күннің суретін саламын |
|
4. Дәптер бойынша тапсырма. 1-тапсырма. Сұраққа жауап бер, сәйкестендір. |
||
5. Сергіту сәті. Оқушылармен іздерді басып сан айту сергіту сәтін өткізу |
Іздердң басып сан айтады 1-10 |
|
III. Ойтолғаныс |
«Кім тапқыр?» ойынын (2-тапсырма) ойнатады. |
Ойынның шарты бойынша қойылған сұраққа сәйкес келетін суретті тез табады. |
IV. Бекіту |
А) 3-тапсырма. Бастыр, боя |
Жазу дәптеріндегі тапсырманы орындайды. |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. |
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. |
VII. Рефлексия |
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл күйлерін білдіреді. |