«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бақытты-ана,бақытты-бала,бақытты-отбасы,бақытты-ел.»

18.11.2022

Тақырыбы: «Бақытты-ана,бақытты-бала,бақытты-отбасы,бақытты-ел.»

Мақсаты:  Ата-ана мен оқушы арасыдағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасылық құндылықтың қандай болатының дәлелдеу, болашақ ұрпаққа көрсету. Отбасындағы еңсесі биік, атағы шыққан ұлдар мен қыздарды ұлықтай отырып, құндылықтарын сақтауға үйрету.

Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, рухани өнегелі тәрбиеге талпындыру, адамгершілік, адами, сыпайылық қасиеттерін бойында дарыту, оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қызығушылығын, жігерін, көңіл - күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

Керекті көрнекіліктер: гелді шарлар, фоторамка, кітап, гүл, ваза,проектор, орындықтар, аппаратура.
Фанфар

1 Жүргізуші :

  Қайырлы күн ,құрметті қонақтар, аналар, оқушылар! «Бақытты-ана,бақытты-бала,бақытты-отбасы,бақытты-ел.» атты  кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Слайд жүріп тұрады.

2 жүргізуші

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында «Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау» басты назарға алынған. Отбасы, ана, бала тақырыбы – күнделікті тіршіліктің тірегі. Отбасы -қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды бөлігі ретінде қоғамға қажетті көптеген міндеттерді орындай отырып, ел дамуында үлкен рөл атқарады. Ұрпақтар бір-бірімен алмасып, адамның өзі «өндіріледі», оның тұқымы жалғасады. Бала ең алғаш рет отбасы тәрбиесін бойына сіңіреді.

1 жүргізуші

Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

- Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту

2 жүргізуші

Отбасы-ол,Отаным бақ мекені,

Хақ тағала қияды ақ некені.

Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,

Одан ұлы елдер де қап кетеді.

Ыстық ұя ұйытқысы ғазиз ана,

Анадан туылады небір дана.

Жүрегінің төрінде біздер бармыз,

Жүректен орын алсын асыл ана-деп ортаға бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары ардақты аналар,таныс болайық.

1. ____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3_____________________________________________________________

4._____________________________________________________________

1 жүргізуші

Сіздерге рахмет айта отырып, ендігі кезекті «қызықты сұрақтар»

айдарына берсек.

1.Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?

2. Бала тәрбиесі қай жастан бастап қолға алған дұрыс?

3Отбасы құндылықтарын ашатын өз отбасыңызда ерекше қандай дәстүрлер ұстанасыздар?

4 Балаңызды білім алуға қалай жетелейсіз?

5 Балаңыздың (қызыңыздың) болашақта кім болғанын қалайсыз?

2 жүргізуші

Аналарымыз бос уақытында немен айналысады,нені жақсы көреді екен?

Аналарымызды ортаға шақырамыз,қошеметтеріңіз болсын

1 жүргізуші

Дендеріңізге саулық, бала - шағаларыңызға амандық тілейміз.
Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын.
2 - жүргізуші:
Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

1 жүргізуші

Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса.

Бүгінгі кездесу кешіне  келген қонақтарымызға  рахмет айтамыз! Ой бөліскендеріңізге  рахмет.

Қош сау болыңыздар.

Просмотров: 1194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст