Технологиялық карта
20.11.2019.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Жаз, күз (сурет бойынша әңгіме құрастыру).
Мақсаты: а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беруге деген білігін дамыту.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаз және күз мезгілінің суреттері.
Биллингвалды компанент: жаз- лето, күз- осень.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекет |
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Бақшамызға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе,міне мен, Доспын енді сенімен. |
Балалар шеңбер құрып өлең жолдарын қайталайды. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Сұрақ-жауап: (орындарына отырады.) - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз айларын атап беріндерші. - Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
- Ал жауын қалай жауады? - Оның дыбысы қандай? - Судың дыбысы секілді тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз? - Салқын жел қалай соғады? - Ал егер де жел күшейсе ше? «У» дыбысына жаттығу жасату. У-у-у-у-у-уылдырық. У-у-у-у-у-улы. Педагог балаларды көрмеге шақырады. (самолетпен немесе поездбен баруды ұсынады). - Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді? - Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? - Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Әңгімелеу: «Жаз, күз» мезгілдері (сурет бойынша) Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу. Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Ғажайып сәт: (қонаққа қуыршақ келеді, қолында хаты бар, бұл хаттағы суреттер қай кезде болатынын білмейді екен, балалардан көмек сұрайды). Педогог балалардан күз туралы кім тақпақ білетінің сұрайды.
Сергіту сәті: (көңілді әуенге орындалатын жаттығулар) Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?» Мақсаты: Балаларды шапшандық пен жылдамдылыққа үйрету |
- Қазір жылдың күз мезгілі. - Күз айлары: Қыркүйек, қазан, қараша.
Күн салқындайды, жауын жиі жауады, салқын жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жауын себелеп жауады. - Тырс-тырс, тырс-тырс.
- «С» дыбысы.
-У-у-у.
-Ууууууууу.
Балалар келіседі.
- Жапырақтар сарғаяды. - Жыл мезгілі төртке бөлінеді. Олар: жаз, күз, қыс, көктем. - Әрине бар. Балалар сурет бойынша әңгімелеуге тырысады.
Балалар қуыршаққа мәз болады, оған көмектеседі. Кәусар: Күздің қазан айында, Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр- сыбдыр түседі.
Сергіту сәтін орындайды.
Ойынға жаппай қатысады. |
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Қортынды бөлім: Оқу- іс әрекетін қортындылау. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Педагог балаларға көбелектер мен араларды таратып береді. Ұнаса көбелектерді көтереді, ұнамаса- араларды. |
Балалар жасаған жұмыстарына риза болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды біледі;
Игереді: «у» және «с»дыбыстарын дұрыс айтуды игереді;
Меңгереді: суретке қарап әңгімелеуді меңгереді.