Сабақтың тақырыбы: «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикадан білімін тексеруге, есте сақтау қабілеттерін жақсартуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жүргізушінің сөзі: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңызды «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер. Ойынымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді – дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 5 сынып оқушылары. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Сайысқа қатысатын үміткерлерді таныстырып кетейін. Барлығы 7 оқушы:
Айтпай Айзере, Аққошқар Мейіржан, Қайсар Аңсар, Қайсар Санжар, Серікбай Арман, Тастанбеков Дастан, Втюрин Захар.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І-тур: Бәйге.
ІІ-тур: Тіл - өнері.
ІІІ-тур: Ғажайып үштік.
ІV-тур: Көкпар.
V-тур: Жорға.
Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І-тур: «Бәйге»
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де - есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де - есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек - деп, «Бәйге» кезеңін бастайық. Бұл кезең сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. Шартты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. 9 бен 15 санының ең кіші ортақ еселігі (45)
2. 1 сағатта неше минут бар? (60)
3. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (м,см,дм...)
4. Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тіктөртбұрыш)
5. Ең үлкен үш таңбалы санды ата. (999)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)
8. Шаршы деген не? (барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш)
9. 91+17 өрнегінің мәні қанша? (108)
10. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)
11. 1 дм неше см болады? (10)
12. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)
14. Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғалар қосындысы)
15. Масса, оның бірліктерін ата.(г,кг,т...)
16. 63-7 өрнегінің мәні қанша? (56)
17.5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
18. 1 см артық па, әлде 1 дм артық па? (1дм)
19. Ең үлкен және ең кіші бір таңбалы сандарды ата. (9,1)
20. 1 дм 4см неше см болады? (14см)
21. Қосудың нәтижесі қалай аталады? (қосынды)
22. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
23. Азайтуды қай амалмен тексереді? (қосу)
24.Кез-келген санды бірге көбейткенде? (Өзі шығады)
25. Ең кіші ондықты,ең үлкен ондықты ата. (10,99)
26. Шаршының қабырғасы 2см. Оның периметрі қаншаға тең? (8)
27. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
28. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. (үшбұрыш)
29. 3 сағ + 18 мин. дегеніміз неше минутқа тең? (198мин)
30. 6 мысықпен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)
ІІ-тур: «Тіл - өнер»
Бұл турда мақал-мәтелдер оқылады мен тастап кеткен сөзді тауып, толық оқып береді. Шарты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Тауып алған сөзді үш тілде айтуы керек.
1 тілде -5 ұпай, 2 тілде – 10 ұпай, 3 тілде – 15 ұпай алады.
1) Жұт ... ағайынды. (жеті) .
2) Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер жарады. (бес) .
3) Білекті бірді жығар, білімді ... жығар ( мың).
4) ... жақсы қас болмас, ... жаман дос болмас (екі)
5) Екі қолға ... күрек. (бір)
6) Ел құлағы .... (елу)
7) Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес.(жетпіс)
8) ... тістен шыққан сөз, ... рулы елге жайылады.(отыз)
9) Досынды ... күн сынама, ... жыл сына (үш)
10) Білгенің бір ..., білмегенің тоқсан .... (тоғыз)
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз екі оқушы ойыннан шығады.
ІІІ-тур. «Ғажайып үштік»
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұраққа жауап береді.. Таңдаған оқушы бірінші жауап береді, ал қалғандары тыңдайды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластар деген сөзден кейін басқа оқушылар жауап береді. Егер қарсыластар деген сөз болмай жауап бере бастасаңдар ешкімге де ұпай есептелмейді.
Тақырыптар |
Ұпайлар саны |
||
Туысқандар |
20 |
30 |
50 |
Фигуралар |
20 |
30 |
50 |
Жұмбақтағы математика |
20 |
30 |
50 |
«Туысқандар»
20 ұпай . Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы — 6 адам) .
30 ұпай. Бір қариядан «Неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ол:«Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деген екен.Сонда қарияда қанша баласы болды?(3 ұл, 3 қыз).
50 ұпай. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Қазір әрқайсысының жасы қанша?(әкесі -81жаста, баласы 27 жаста)
«Фигуралар»
20 ұпай. Бұрыштары жоқ геометриялық фигура(шеңбер)
30 ұпай. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы білсең кәнекей (кесінді).
50ұпай Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын ата: V= a·b·c;
«Жұмбақтағы математика»
20 ұпай. Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
30 ұпай Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
50 ұпай Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
(4 жаста, 8жаста, 12жаста)
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз екі оқушы ойыннан шығады.
ІV-тур: «Көкпар».
Бұл бөлімде 3 сиқырлы жәшік беріледі. Әрбір оқушы 1 жәшік таңдайды. Дұрыс жауап берсе, 30 ұпай қосылады.
1)Қызыл
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сан орнына «жаңылмаймын» деп айту керек.
2)Көк
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
11 4 9
6 8 10
7 12 5
3)Сары
=210 35+47
=82 130*4
=720 648:8
=81 17*40
=680 460+470
=930 135-50
=85 270-32
=238
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз бір оқушы ойыннан шығады.
V-тур: «Жорға»
Бұл бөлімде қалған 2 оқушыға есеп беріледі. Есепті кім дұрыс шығарса, сол оқушыға 60 ұпай қосылады.
450450:5 = 90090
42491+78569 = 121060
2) 28097+58978 = 87705
7213*5 = 36065
200535:5 = 40107
Жүргізуші: Міне, бүгінгі сайысымызда аяқталуына шамалас уақыт қалды. Ендігі сөз әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Бүгінгі сайысымызда математика пәнінің лидері кім екенің айтып берсеңіздер. Құрметті оқушылар, білімдеріңді ортаға салып, сайысқандарыңыз үшін көп рахмет!