Технологиялық карта
12.11.2019.
Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Заттың санын цифрмен сәкестендіру. 3 – 4 сандарын салыстыру. Төртбұрыш. (өзге фигуралардың арасынан табу).
Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру, заттың санын цифрмен сәкестендіруді жалғастыру, екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу, заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; төртбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фигуралардың ішінен табу.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, демонстрациялық, түсіндіру.
Іс - әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Біз ақылда баламыз, Айтқан тілді аламыз. Баршаңызға күнде біз, «Сәлеметсізбе»,- деп айтамыз.
|
Балалар шеңберге тұрып, өлен жолдарын қайталап амандасады. |
Ұйымдастыру - іздестіру
|
Педагог балалармен цифрларды қайталайды. (1,2,3,4) Балалармен «Машина жеткілікті ме?» . . (сурет бойынша 3 пен 4 сандарын салыстыру. Сұрақ – жауап:
Педагог балаларға 3 пен 4 сандарының таңбасын жазуға ұсыныс білдіреді.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Шапалақтап соғайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызға барайық.
Дидактикалық ойын: «Кімнің үйі екнің тап». Педагог балаларға үйлердің суретін көрсетеді (1-4) дейін. (Бұл үйде кім тұратынын табу керек). Педагог балалардан суреттегі үй қандай геометриялық фигуралардан құралғанын сұрайды. |
Педагогпен бірге санайды.
Балалар суретке мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап береді.
Жетпейді
Ұсынысты қабыл алады.
Балалар өлен жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар үлестірмелі материалмен жұмыс жасады.
Сұраққа жауап береді. |
Рефлексивті түзетушілік |
Педагог балалармен бүгінгі сабақтан әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды. Белсенді қатысқан балаларды мадақтайды. Балаларға жұлдызшалар мен метеориттерді таратып береді. Сабақ ұнады деген балалар жұлдызшаларды алып көк аспанға жабыстырады, ұнамады дегенднр метеориттерді жабыстырады. |
Балалар алған әсерлерін айтады. Өз қалаулары бойынша жұлдызша немесе метеориттерді алып жаыстырады. |
Күтілген нәтиже:
Біледі: 4 цифрын; геометриялық фигура – төртбұрышты біледі.
Игерді: заттың санын цифрмен сәкестендіруді игереді.
Меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікті меңгреді.