«Тіл –білімнің кілті» интеллектуалды ойын
Интеллектуалды ойынның мақсаты:
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: ұяшықтар, түсті конверт, қима қағаздар, әріптер, презентация
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Интеллектуалды ойынның барысы:
І.Кіріспе сөз
Әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес сонымен бірге азаматтық қасиетіне де баға беруге болады. Тіл дегеніміз –әрбір адамның жаны, тәні, бар болмыс-бітімі. Сол себепті өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстемболуы үшін бір адамдай жұмылып, өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Тіл-біздің асыл қазынамыз, сөз жеткісіз жауһар құндылығымыз.
Алайда , «Тіл - достықтың алтын көпірі» демекші, өзге ұлт өкілдерінің тілін білу артық емес. Бүгін тілдер мерекесінің онкүндігі аясында «Тіл- білімнің кілті» деген интеллектуалды ойын өткелі отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Қазақ елінде
Жұмбақ шешіп жарысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық сұрақтар,
Ертегілер, жұмбақ бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
1) «Танысу»
2) «Бәйге»
3) «Сөз ойла, тез ойла»
4) «Суретшілер»
5) «Өнерпаз болсаң арқалаң»
6) «Алты жұмбақ»
7) «Жекпе-жек»
Сәттілік тілеп, ойынды бастау
Қатысушылар екі қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:
І айналымы «Танысу»
4 немесе 5 ұпаймен бағаланады
(Әр топ өз топтың атауын және ұранның білу үшін, берілген қиылған қағаздан суретті дұрыс құрып, суреттін артында ұранды оқу.)
І топтың аты — «Тұлпар», ұраны: "Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар"
ІІ топтың аты — «Сұңқар», ұраны: "Ақылды баламыз, білімде алда боламыз"
(Әр оқушы өзін таныстырып өтеді)
ІІ айналымы «Бәйге» (екі топтың қатысушылары түрлі түсті конверт таңдайды, таңдаған конверттегі сұрақтарға жауап береді) Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Жалпы 10 сұрақ.
Тұлпар тобына:
1. Бір жылда неше ай бар? (12)
2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. ҚР - ның валютасы? ( теңге)
4. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
5. Жақын сөзінің антонимі (алыс)
6. Жалғаудың неше түрі бар? (4)
7. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
8. Мұғалім сөзінің синонимдері.(оқытушы. ұстаз).
9. Туымыздың көгілдір түсі нені білдіреді? (ашық аспан)
10.. Абай Құнанбаев кім? (ақын)
Сұңқар тобына:
1. Бір жылда неше мезгіл бар, атап шығындар? (4,қыс,көктем,жаз,күз.)
2. Фонетика нені зерттейді? (дыбыстарды)
3. Қазақ әліпбиінде неше төл дыбыстары бар? (9)
4. Жалғаулардың түрлерін ата (көптік, жіктік, септік, тәуелдік)
5.. Жалқау сөзінің антонимі (еңбекқор)
6.. Қорқыт атаның музыкалық аспабы? (қобыз)
7.. Оқушы сөзінің синонимі (шәкірт)
8.. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
9. Республиканың мемлекет басшысы. (Президент)
10. Қазақтың тұңғыш педагогі (Ыбырай Алтынсарин)
ІІІ айналымы Сөз ойла, тез ойла (әр топқа әріптерден бір минуттың ішінде сөздерді құру) 4 - 5 ұпаймен бағаланады
ІV айналымы «Суретшілер»
(мұғалім оқып тұрған өлең жолдарының мағынасын суреттеу)
Мынау сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынауым жасыл қарындаш,
Мұнымен нуды бояймын.
Мынауым көк қарындаш
Мұнымен суды бояймын.
Салған суреттерін қорғау (не түсінді,не салды?)
V айналымы «Өнерпаз болсаң арқалан!»
(оқушылар үй жұмысын ертегілерді көрсету) 4 немесе 5 ұпаймен бағаланады.
Тұлпар тобы: "Бауырсақ" мультфильмді дыбыстандыру
Сұңқар тобы: "Алдар көсе" ертегіні қойылымды көрсету.
VІ айналымы «Алты жұмбақ»
(оқушылар жұмбақтарды шешеді) 5 ұпаймен бағаланады
1. Бір ұяда жеті жұмыртқа. (апта,неделя,week)
2. Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа. (піл,слон,elephant)
3. Адамға серік, күзетке берік. (ит,собака,dog)
4. Үй iшiн аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.(тышқан,мышь,mouse)
5. Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.. (су,вода,water)
6. Бір жабылып-ашылып, тұрады ылғи асығып. (есік,дверь,door)
VІІ айналымы «Жекпе-жек»
(әр топтан бір оқушы шығады, берілген тақырыптар мен ұпайлар бойынша сұрақтарға жауап береді.) дұрыс жауапқа арнайы ұпай беріледі, қате болса сонша ұпай алып тастайды.
Тәуелсіз Қазақстан
10-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қашан қабылданды? (1991 ж. 16 желтоқсан )
20-“Тәуелсіздік” сөзіне мағыналас сөздер қатарын көрсетіңіз (в) бостандық,
егемендік )
30-Қазақтың тұңғыш ғарышкері (б) Тоқтар Әубәкіров )
Рәміздер
10-ҚР-сының Мемлекеттік Рәміздері – ... (а) Ту, Елтаңба, Әнұран )
20-ҚР-сы Мемлекеттік Әнұранының әнін жазған...( в) Ш. Қалдаяқов )
30- ҚР-сының Мемлекеттік Туы қашан бекітілді? (а) 1992 ж. маусымда )
Әр топқа әділқазылар алқасы бағаларын қояды, жеңімпаздарды анықтайды.
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Тілдің адам өміріндегі ең шешуші роль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.
Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.
Сайыстың әділ-қазыларына сөз кезегін береміз.
Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге алдағы уақытта да осындай белсенді, білімді, өнегелі бола беріңіздер дейміз. Жарыс болған соң , жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсеңіздер де, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспіз.