Сабақтың тақырыбы: Отбасы-бақыт мекені
Сабақтың мақсаты:
А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.
Барысы:
1. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
«Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Ойын «Атомдар және молеукулалар» деп аталады. Музыка ырғағымен билеп жүріп, музыка тоқтағанда түрлі сандар айтамын сол бойынша топтасып тұруымыз керек.
2.Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.
3.Балалардың отбасы туралы пікірі
«ОТБАСЫ» сөзіне топтастыру жасайды.
4. «Отбасы-бақыт мекені» бейнефильм көру. Сұрақтар:
Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық,
бауырмалдылық болғанда бірлік болады.
Ой түйіндеу: Олай болса, балалар әрдайым ата-ана парызына әрқашан сүйіспеншілікпен
қарап, ішкі тыныштығымызды сақтай отырып, жақсы іс әрекет жасап жүрейік.
5. Суреттерді аяқтайық
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту .
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезекпен шығып, бірі денесін , бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
6. Мен үшін ананың...қымбат
Мен үшін әке...
Оқушылар осы сөздерді толықтыру қажет
7.Ән: Әке, ана
8. Отбасындағы бала сөзін толықтыру
9. Тығырықтан шығу
10.Қорытынды
Қанатты сөздер
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4. Отан отбасынан басталады.
Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Бір -біріне жақсы тілек білдіргенде сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, мейірімділік, ізеттілік, махаббат, бір -біріне деген қамқорлықты көреміз. -Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді.