«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін өзі танудан ашық сабақ 5 А сыныбында Жақсылықпен жаным дос""

28.10.2019

 

Күні: 15.10.19

Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: Кен негізгі мектебі      Мұғалім : Нұрсұлтан Д.Қ

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар :                     Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жақсылықпен жаным дос

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек көрсету.

Сабақ мақсаттары

«Жақсылық»,«жақсылық жасау» ұғымдарының мағынасын ашып, ұғындыру.

Әлсіз, сырқат, жәбір көрген жандарға көмек көрсетуді үйрету.

Бағалау критерийі

Кері байланыс, ауызша өзара бағалау, өзін-өзі бағалайды.

Тілдік мақсат

жақсылық, мейірімділік, қайырымдылық, назар аудару, көмек, жәрдем, сырқат, әлсіз, жәбір, шуақ, нұр, алғыс.

Алдыңғы оқу

Жақсы көңіл-күй жан шуағы тақырыбында, жақсы көңіл күйді қалай қалыптастыру.

Жоспар

уақыт

ұйымдастырылған іс-әрекет

Ресурс

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мин

Амандасу.

Ұйымдастыру кезеңі.

«Жұмсақ ойыншықпен, жылы тілектер»

Оқушылар жұмсақ ойыншықты ұстау арқылы, бір-біріне жақсы тілектер айтады, мысалы, «Сен өте жақсы жансың, сенің жүзіңнен нұр шашып тұрады, мен сені жақсы көремін!» т.б.

Үй тапсырмасы: Жағымды, жағымсыз эмоциялар туралы. Тапсырма: тақтада берілген көңіл күйге қатысты сөйлемдерді эмоцияға беріліп оқу.   

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы

Бейнематериал көрсету арқылы тақырып анықталады.

Мұғалім: Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын оқушыларға таныстырамын.

Тақырыпты ашу үшін, мақсатқа бағытталған тапсырмалар.

Тапсырма№1

Жағдаятпен жұмыс. Жеке жұмыс.

Берілген жағдаятты аяқта.

1-жағдаят.

Сен мектепке асығып дайындыққа келе жатырсың. Бірақ алдыңда көп сөмкелері бар әже келе жатыр.Әженің ауыр заттарды алып келе жатырғанын көрдің. Бірақ, сенде де уақыт тығыз, уақытында бармасаң мұғалім жазалауы мүмкін. Сен әрекетің қандай болмақ? (жалғастыру)

2-жағдаят.

Сен үзілісте асханаға келдің, бірақ, сенің алдыңда кезекте адам көп екен. Сенің көзің бұрышта жылап отырған кішкентай балаға түсті. Оның жанына жақын барып, не болғанын сұрадың, ол ақшасын жоғалтып алғанын айтып жылады. Оның ас ішіп отырған достарына қызығып қарап тұрғанын көріп тұрсың, ендігі сенің іс-әрекетің қандай болмақ?

3-жағдаят.

Сабақтан шығып, үйге асыға қайтып бара жатырсың. Алдыңда топтасқан кіші сыныптың оқушылары тұрғанын көрдің, олардың жанына жақындап, не болғанын сұрадың. Естуің бойынша бір әлді бала, келесі бір төмен сыныптың жасы кіші баласының асығын алып қойған болып шықты. Сен әлсіз балаға көмектескің келді. Ендігі әрекетің?

4-жағдаят.

Мектепішілік «Жақсылық жасап жарысайық!» іс-шарасын ұйымдастыру ойыңа келді. Достарыңа, сыныптастарыңа, сынып жетекшіңе осындай ойыңның барын айттың, достарың бұл ойыңды түсінбеді,қалай жарысуға болады деп, сыныптастарыңмен, сынып жетекшің саған көмектесетіндерін айтты. Бірақ, қандай іс-шаралар өткіземіз деп сұрады. Сен бұл сұраққа қалай жауап бересің? Кімдерге? Қандай жақсы іс жасауымызға болады деген сұрақтарға қалай жауап бересің?

Дескриптор:

  • Жағдаятты мұқият оқы.
  • Жағдаятты өз ойыңмен, толық жауап беру арқылы аяқта.

ҚБ: Дескриптор арқылы

 

Тапсырма№2 Бейнематериал көрсетіледі.

Жұптық жұмыс.

«Автобус аялдамасы» арқылы

Дескриптор:

  • Бейнематериалды мұқият тыңдап, көреді.
  • Жағымды жақтарын жазады;
  • Жағымсыз жақтарын жазады.

ҚБ: Өзара ауызша бағалау.

 

Сергіту сәті.

«Джунглидегі жаңбыр»

 

Тапсырма№3 Топтық жұмыс.

«Суретті сөйлет!» әдісі.

Берілген қағазға, көрсетілген суретті сөйлетеді. Берілген параққа суретке байланысты мінездеме жазады.Тақырып қояды. Жобаны сәндейді. Топпен қорғайды.

Дескриптор:

  • суретке назар аударады;
  • тақырып қояды.
  • суретті сөзбен салыстырып сөйлетеді;

ҚБ: Стикер арқылы бағалау.Өзін-өзі бағалау.

Мақсатқа оралу.

Кері байланыс: «Әуе шары» әдісі арқылы жүзеге асады.

Үй тапсырмасы: Мейірімділік, қайырымдылық туралы сөз жұмбақ құрастыру.

 

 

 

слайд

ойыншық

стикер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бейнематериал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд, А4.

       

Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?                     Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

 

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

    Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Просмотров: 544


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст