«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

31.05.2022

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» 
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

Арманы бір, үні бір 
Аға ардақты, іні гүл 
Бақыт туын көтерген 
Балалардың күні бұл

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

        Құрметті қонақтар,  ата - аналар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Сүп - сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келетін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген.
       

 

Жүргізуші:

 Жүздерінен мейірім мен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Алаңсызда балғын шақты балалар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

 

 ӘН: 2 «А» сынып оқушылары


Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән десеңші!

Жүргізуші: Қане, балалар онда сендермен бір көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға 5 бала қатысады.


БИ: «Түймедақ» биі, билейтің «Балапан» тобы

Жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар. Бәріңіз де епті екенсіңдер.
Өнері де өрілген,
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ

 

БИ: 1 «А» сынып оқушылары

Жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.

Ойын: «Тәттіні тасымалдау»

Ойынның шарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау. 5 оқушы шығады.


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың достық мерекесі.

 

ӘН: 3 «А» сынып оқушыларының орындауында

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, келесі кезек биге беріледі.
 

БИ: 4 сынып оқушылары

Жүргізуші:

Жарайсыңдар, балалар.
Ән көмейден құйылды.
Қайғы бұлты шегінді.
Балалар мен дүние
Көрікті де, көңілді.

 

Жүргізуші:
      Құрметті қонақтар, қымбатты балалар! Бүгін естен кетпес керемет мерекелік шарамызды өткізіп отырмыз. Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Біз өмірдің гүліміз» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.
Жаз да келді көңілді.
Келді гүл мен өрнекпен.
Ел бақыты мерейлі,
Балалары әндетті.
Гүлмен келсін келер күн.
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің

 

Просмотров: 254


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст