«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал жол»

08.08.2019

Тәрбие сағатынының тақырыбы: «Адал жол»
Мақсаты: 
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту. 
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 

Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі: 

(Бір парақ қағазға «Отан» тақырыбына топтағы әр оқушы бір сөйлемнен жазады.)
Әр топ өз шығармасын оқып, қорғайды.

-Сыбайлас-жемқорлық деген не? 
(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Менің ойымша жемқорлық ол тек өзін емес мемлекетті алдап отырған адам деп ойлаймын. Сондықтан біздер әрқашан да адал болуымыз керек.

Мен осы тақырыпта айтылған жемқорлық деген сөздің өзінен денем түршігеді. Себебі жемқор ол өмірде тойымы, қанағаты жоқ адам деп ойлаймын. Сондықтан біз өзіміздің болашағымыз үшін дұрыс, арымыз таза болсын десек ондайға жол бермейік.

Сыбайлас жемқорлық бейнеролик.
1 топтың тапсырмасы: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?
3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

2 - топтың тапсырмасы: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесі баланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата - анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сыныпта ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра оны орындауда әке - шешесі салғырттық танытады.

Сұрақтар: 1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2. Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

3 - топтың тапсырмасы. 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып, тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын, яғни 5 - сыныпқа келген соң, өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіп жатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып, бойындағы ерекше бір қабілетін шыңдауды мақсат санады. Сөйтіп, мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып бір шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екендігін, заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны, өзінше бір жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқанын дұрыс санап, соны басты назарға алатын Жалғас тағы да ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар: 1. Жалғастың ата - анасының іс - әрекетін қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3. Жалғастың ата - анасының шешімімен келісуі дұрыс па?

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық, 
Пара алғанның жолы жабық қой анық, 
«Қазақстан - 2050»- айқын жол, 
Күресейік, жемқорлықты жояйық. 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға, 
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама, 
Адалдыққа, даналыққа үйретсең, 
Жолдан таймас ар болған соң санада. 

3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар, 
Алса да оны мойындамай санасар, 
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан, 
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар. 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз, 
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз, 
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып, 
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз. 

5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен, 
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен. 
Жолыменен Елбасының жүрейік, 
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен. 
Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» 
(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды) 

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.


 

5. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер.

1. Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

2. Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.

4. Адалдық — ардың ісі.

5. Шындық жоқ жеде сұмдық көп.

6. Адамның әдемілігі шыншылдығында.

7. Ақиқат сөзде алалық жоқ.

8. Әділ айтқан жеңер.

9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

Сабақты қортындылау
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. 
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст