«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кен негізгі мектебі жанындағы «Айгөлек» сауықтыру алаңының жұмысының қорытынды есебі

09.07.2019

Кен негізгі мектебі жанындағы «Айгөлек»

сауықтыру алаңының жұмысының қорытынды есебі

 

       Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. 

   Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Айгөлек» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

-         Салауатты өмір салтына баулу;

-         Эстетикалық тәрбие;

-         Азаматтық - патриоттық және ұлттық тәрбие;

-         Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;

-         Спорттық шаралар.

«Айгөлек» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс  жоспарлары жасалынды.

 І ауысым маусымның 3-нен 21-не дейін «Айгөлек» атты жазғы мектеп сауықтыру және демалдыру алаңы өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты 9:00-ден 12:00-ге дейін .

            3маусым күні «Бала-өмірдің гүлі» тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Айгөлек» лагерінің ашылуына арналған салтанатты сап жиыны өткізілді. Онда «Іште-сыртта», «Кім жылдам?», «Ақсерек-Көксерек», «Мысық пен Тышқан», «Ұйымшыл топ»,атты көңілді ойындар, әр түрлі викториналық сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер қойылды, олардың жауаптарын үш тілде айтты.Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс-шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. «Ұлттық ойындар», «Табиғат аясына саяхатқа шығу», «Ермексаздан мүсіндеу сайысы», «Менің өмірімдегі қызықты күндер», «Мемлекеттік рәміздер», «Қалаға қыдыру», «Нептун күні», «Суреттер сайысы», «Ертегі,жаңылтпаштан жалықпаймыз»,«Би кеші», «Таза ауадағы әңгіме», «Лагерьдің салтанатты жабылуы» демалушыларды өте қызықтырды.Балалар өз қолдарымен  «Айгөлек» атты бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі  көңілді әндер жаттады.

Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Жол ережесін білесің бе?» атты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді. Оқушылар көрмеден көп мәліметтер алып, жақсы көңіл –күймен келді. Ойындар арасында мектеп медбикесі, кітапханашы салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, , мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды..

Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын  жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау», «Сымсыз телефон» және т.б.  спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

     Балалармен табиғат аясына саяхат шығып, су жағасында әр түрлі ойындар ойнап, оқушылар табиғат аясында сурет салды. Әр бір іс-шараларға балалар белсенді қатысты. Балалар өз өнерлерін көрсетті. Тәрбиеші әр күнді қызықты да тартымды өткізіп, ерекше атап өтуге тырысты. Әр күні сайыстар соңында балаларға сыйлықтар беріліп отырды.

Лагердің жабылуына арналған  іс-шараларда  оқушылар 15 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.

Бастауыш сынып мұғалімдері:Мукашова Айгул Медресова

Жунусова Бибинур Маратовна

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст