«НҰР НАУРЫЗ - ХАЛЫҚ ТОЙЫ»
Орнасын жүректе –нұр, көңілде- құт,
Сарқылмас дәстүрімді өнеге тұт.
Ұлыстың ұлы күні қадірменді,
Қош келдің!
Әз, Наурызым, төріме шық! – дей келе биылғы төл Жаңа жылымызда жақсы жаңалықтар лайым көп болғай. Самарқанның көк тасын жібітіп, Жер–Ананың төсіндегі тіршілік иелеріне қайтадан жан бітіретін бұл күн біз үшін бәрінен айырықша. Түрік тілдес халықтардың Жаңа жылын Қазақстанда наурыздың 22-де атап өту дәстүрге айналған, бірақ исі қазақпын дегендер Наурыз мерекесін қарсы алу әдеттегі наурыздың 22-нен бұрынырақ, наурыздың 14-нен бастау алады. 14-ші наурызды «Көрісу (қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары іштей қамданып, жаңа жыл келіп жеткендей, жасына жас қосылғандай бір- біріне кезіккенде «Бір жасқа шығуыңмен», «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп бір-бірін құттықтап мәре- сәре болып жатады. Наурыздың сәні- Наурызкөже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу. Сондай- ақ, адамдар да бір- бірімен құшақ түйістіріп, артық кеткен жерлері болса, кешірім сұрап, жан және тән тазалығына мейлінше мән береді. Міне, бұл –нағыз Жаңа жыл! Сөзім дәлелді болу үшін, 2019 жылдың 19-шы наурыз күні Кен негізгі мектебінің ұжымы бірлесе отырып «Нұр Наурыз- халық тойы» атты оқушылар арасындағы мерекелік іс- шара ұйымдастырылып ол жоғарғы деңгейде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, білім алушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарын паш ету. Іс-шара «Қыз сыны» байқауы түрінде өтті. Сайыс 4 кезең бойынша сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша «Көктем аруы - 2019» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Сарсембинова Жанерке иеленді, ал қалған қатысушылар өздеріне лайықты деген номинациялары бойынша бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сөзімді қорыта келе, осы іс – шарамызға мұрындық болған Астық қоймалары № 5 директоры – Нурмуханбет Б.К-ке; Кх «Звезда» Дудин С.К – ке; Кх «Алексей» Втюрин С.Н – ке; Кх «Жаңаберген» Рахимов Н.Т – ке; Ип «Аймира» Макашева А.А – ға; Кх «Фартуна» Втюрин А.С – ке алғысымыз шексіз. Сіздерге және ұжымдарыңызға төл Жаңа жылымыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін! Болашағымыз жарқын, еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, сол еңбектеріңіз табысқа жеткізіп, осындай іс –шаралар көп болып тек қана жеңістеріңіз мол болсын демекпіз.
Кен негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Мажиманов С.К.