«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыз сыны -2019"

26.03.2019

                                                   «Қыз- ұлт болашағы» атты

                                               қыз сыны байқауының сценариі

Фан-фар:
1-жүргізуші. Қайырлы  күн, қадірменді қонақтар, оқушылар мен аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын.  Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.                                                                                          

2 - жүргізуші:

Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз. Наурыз-мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на совершение самых светлых и заветных желаний. Пусть весенний день Наурыз принесет вам благо и изобилие!. Праздник Наурыз символизирует равенство людей, свободу, демократию, праздник уважения к старшему, любви к младшему. В этот день любого гостя встречали с радушием. Казахи издавна славятся гостеприимством. Угощали гостя самым вкусным, что имелось в доме. А в Наурыз в любом доме готовилось блюдо, которое называлось « Наурыз – коже». Наурыз – это  начала нового года и прощание со старым годом. Сегодня для  вас приготовили Наурыз коже . 

Наурыз көже  таратылады.

1 - жүргізуші: Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші:

В марте весенний ветерок проказник, 
Ласково гуляет по ветвям 
У нас большой великий праздник, 
Новый год,Наурыз-мейрам! 

1 - жүргізуші:

Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақыл да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
2 -жүргізуші:

Наурыз великий праздник нашего народа, уходящий корнями в глубину веков, возвещающий о начале нового года, праздник единства и благополучия. Слово предоставляется директору школы.___________________________________________ 

1 - жүргізуші:

Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 - жүргізуші:
Радость, солнце и улыбки
Ты несешь нам, Наурыз!
Всем «шашу» на радость дарим!
Будет щедрым Наурыз!

Шашу  шашылады.

1 - жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

Би «Қара жорға»

1 - жүргізуші:. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.  Осы мереке қарсаңында мектебімізде оқушыларымыздың арасында «Қыз сыны» байқауы болмақ.
2 - жүргізуші:

Сегодня на нашем празднике проидет конкурс «А ну –ка девочки».

2-жүргізуші:

Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
2 - жүргізуші:

Пришел Наурыз, весна пришла.
И сразу наша земля расцвела.
Все рады празднику вокруг,
И каждый здесь и брат и друг.
Согретые солнцем и теплом,
О Наурызе песню мы поем. 

1-жүргізуші: Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында, - дей келе бүгінгі байқауымыз «Қыз сыны» деп аталады. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын. Ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.

Арулар сахнаға шықсын енді.- демекші аруларымызды қошеметпен шақырайық.. 
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар-қатар келіп тұра бастайды.

Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )
2-жүргізуші:

Бірінші ару  5 А сынып оқушысы Абельдинова Махаббат
Екінші ару-  8 А сынып оқушысы Алясхарова Арай

Үшінші ару- 9 сынып оқушысы Жанадилова Дильназ

Төртінші ару – 9 сынып оқушысы  Паизова Жасмина 

1-жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік тілейміз.

2 – ведущий: Итак  начинаем  мы наш  конкурс. Пожелаем нашим участницам ни пуха,  ни пера.

  1. Номер Стих-монтаж (Бастауыш сынып оқушылары)

1-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру.  
2. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.
3. «Қыздарға әсемдік жарасады» қол өнер киім үлгісін көрсету.

4. «Шығармашылық тапсырмалар» шаш үлгісін көрсету

 Әр сайыс 5 ұпаймен бағаланады.
1-жүргізуші:

Аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын» 
2-жүргізуші:

Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Білгірлерді ду қол соғып қостайық..

 

 

  1. Номер 4 сынып оқушылары:

1-жүргізуші

Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген. 
«Өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.

( сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)

2 конкурс  показывают

2 - жүргізуші:

Счастье, здоровья вам желаю, 
Шлю привет всем селам,городам. 
С праздником великим поздравляю, 
Мы встречаем Наурыз-мейрамы! 
1-жүргізуші:

Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік.

  1. Номер: ___________________________________________________________

2-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қол өнерлерін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі қолдан жасалған көйлектерін, қол өнерін киімді таныстыру. Алдарыңызда әсем де сымбатты аруларымызды қол соғып шақырайық..
( «Қыз сыны» әнінің әуенімен сайыскерлер сахнаға шығады) 
 

Номер______________________________________________________________

 

2-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,

 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
 Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 1-жүргізуші: Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын, - дей келе ендігі сайысымыз шаш үлгісін әсемдеу болмақ. Сонымен ару қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанға дейін  оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын тамашалайық.. 

 ( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

 

  1. Номер ________________________________________________________________

Марапаттау кезеңі.
1. «Инабатты Ару» 
2. «Өнерлі Ару»
3. «Сымбатты Ару»
4. «Зерделі Ару»

2 ведущий:

Вовек не станет пеплом и золой 
Всё то, что красотой земной зовётся, 
Пусть мирным будет небо над землей 
Пусть вечно юность звонкая смеётся! 
Наш праздник, к сожалению заканчивается. Мы были рады встрече с вами, ведь мы нашли здесь много друзей. Народная мудрость гласит: « Сила птицы – в крыльях, сила человека в дружбе»  С праздником весны вас, друзья! 

1-жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші, ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы, даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер!
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.

Просмотров: 751


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст