«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана - өмірдің гүлі!»

11.03.2019

«Ана  - өмірдің гүлі!» 

 

       Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар!

Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

      Наурыз айының 7 күні, Кен негізгі мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана - өмірдің гүлі!» атты мерекелік концерт өтті. Бастауыш сынып оқушылары өздерінің аналары мен әжелеріне арнап өлең-шумақтарын айтты. Мың бұралған бишілеріміз вальс билеп, ортаға аналарын шақырып бір көңілдерін көтерді. Аналардың құрметіне , оқушылар көрініс көрсетті. Ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар ойын ойнатылып, мәз-мейрам болды.

    «Күннің шуағы – жылы,

     Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шат-шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімізді білдіреміз.

 

 

 

Кен негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аужанова Ж.С

 

 

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст