«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989)

06.03.2019

Тақырыбы:  Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989)

Мақсаты:
Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында ауған ақиқатында және де Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар тарихына шолу жасау
Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
Отанды ,елін сүю,еліне ,халқына қызмет етуге тәрбиелеу
Ұлттық сана ,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,әсіресе ұлттық намыс,ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Ауған соғысы туралы толық мағлұматтар алады
Оқушылардың бойында Отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады
Ауғанстан жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қазақстандықтар туралы мәліметтер алады
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, суреттер.

Кіріспе сөз
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен оқушылар! Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған Ауғанның соғысына биыл 30 жыл толуына орай, атты дөңгелек үстелге  қош келдіңіздер!

 

 

 КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.[1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демокр. партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н.М.Тараки, Х.Амин, ал “Парчам” тобын Б.Кармаль басқарды. 1977 ж. мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 ж. 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады.

Ауғанстан тарихынан дерек (бейнеролик)
 

 

 

 


Мұғалім сөзі: Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызды біз қашан да мақтан тұтамыз. 

Оқушы арнаулары:

Арай:
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола қап келетін.
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін.
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін.
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлағынан шап беретін.
Аңсартып алты айда шақ келетін.

Шоқан:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң.
Қызығы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан.
Аттанып қан майданға сендерсің ғой
Соғыстың бар азабын арқалаған.

Сұрақ-жауап, өз ойларын ортаға салды.

 Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 ж. қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л.И. Брежнев, Ю.В. Андропов, М.А. Суслов, Д.Ф. Устинов, А.А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Қазақстан үлесі

Тараздағы опат болғандарға ескерткіш

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

Қорытынды сөз: 
Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін – бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етуде. 
Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ерен еңбегінің арқасында еліміз тыныш, бейбіт күн кешіруде. 
Барша елімізді қорғаған ер азаматтарымыз, күндіз – түні шекарада кірпік қақпай тұрған сарбаздарымызға мың алғыс айтамыз. 
Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
Міне, құрметті қонақтар, Ауған соғысы атты дөңгелек үстел аяқталды.

 

 

Просмотров: 371


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст