«Жаңғырудың қамы – жасампаздықтың салты»
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Осы мақала жайлы Кен негізгі жалпы білім беру мектебінде 25 сәуір күні қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өтті. Онда мектебіміздің кітапханашысы: Алясхарова Г. М. мен тарих пәнінің мұғалімі Тасмағанбетова Ж.С. бағдарламалық мақаламен ұжымды таныстырып, талқылап өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, онсыз жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Мақалада айтылған ойлардың тереңдігінен Елбасының тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес.
Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қалыптастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солымызды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам.
Елбасымыз айтқандай оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласына байланысты. «Кен негізгі жалпы білім беру мектебінде» дөңгелек үстел өтті.
Р/с № |
Мекеме атауы |
Іс шаралар атауы |
Өткізілген күні |
Өткен орны |
Жауаптылар |
1 |
Кен негізгі мектебі |
«Жаңғырудың қамы- жасампаздықтың салты» Дөңгелек үстел |
25.04.17 |
Мұғалімдер бөлмесі |
АлясхароваГ.М. ТасмағанбетоваЖ.С. |
2 |
Кен негізігі мектебі |
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
|
26.04.17 |
Кітапхана |
Алясхарова Г.М.
|
Кен негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Тасмаганбетова Ж.С.