«Тәуелсіздіктің көкбайрағы»
Биыл Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін 27-і рет қарсы алып отырмыз.
Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істер де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз әрі бұл солай болуы да тиіс.
Әйтсе де бұл күнді қатардағы мерекелік күн ретінде қарауға келмес. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Меніңше, Тәуелсіздік күні тек ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан анағұрлым маңызы үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болды. Бүгін әр қазақстандық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей алады» деген болатын.
Осы орайға қарсы Кен негізгі мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтілді. 4қараша күні 1-9 сыныптар арасында «Тәуелсіз Қазақстан » атты сынып сағаттары өткізілді. 8-12 желтоқсан аралығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында ең үздік эссе байқауы 5-9 сыныптар аралығында Қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері өткізді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының азаматымын » деген тақырыбына эссе жазып Республикалық қашықтықтан оқу байқауына қатысып 2 орынға ие болған 9 «А» сынып оқушысы Тілеуғабылов Ерболат марапатталды. Суреттер көрмесі ұйымдастырылды. «Ынтымақ түбі- береке » дөңгелек үстел, «Моя Родина Казахстана» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. 11желтоқсан күні мектебіміздің кітапханашысы «Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік» атты кітаптар көрмесі және сыныптан тыс іс-шара, дене шынықтыру мұғалімдері «Волейбол мен Футболдан жарыстар » өткізілді.
13желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау күніне арналаған салтанатты сап түзеу, тәрбие ісінің меңгерушісі Какенова С.С. ұйымдастырумен іс-шара болды, оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялатып, Отанға, туған жеріне деген қызығушылықтарын оятты.
14 желтоқсан күні «Тәуелсіздіктің көкбайрағы » атты мерекелік концерт өтті. Онда тақтаптар мен өлең дер,видео фильмдер, көрініс көрсетіліп оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Қорыта келе мына өлең жолдарынмен аяқтағым келіп отыр.
Жиырма жеті жыл, жиырма жеті жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Кен негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Тасмағанбетова Ж.С.