Психологиялық тренингтер
Тренинг мақсаты:
- өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға:
- жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Көрнекіліктер: А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, майшам, шар, сандықша.
Тренингтің жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі /амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау
- Тренинг ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
Негізгі бөлім.
Амандасу – «Көңілді сөз» жаттығуы.
Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...
«Өмір белестері» тренингі.
Шеңберге тұрып, көздеріңізді жұмыңыздар. Қолдарыңызды алға созып, ары-бері жүріп көріңіз. Осы жағдайда өз тұрған жеріңізден қарсы жаққа шығыңыз. Бір адамның иығына қолыңызды қойып, оны өз иығым деп есептеңіз, иықтарыңыздан ұстаған қалпы барлығыңыз жабық шеңбер құрыңыздар. Шеңбер бойына айналып жүріңіздер. Қолдарыңызды құрбыңыздың иығынан алып, ары-бері жүріп көріңіз.
Енді, осы жағдайда жаңа ғана ұстап жүрген өз иығыңызды қайта табыңыз.
Осы өз иықтарын іздеу сәтінде мына сөздер айтылады:
Мұндай қиындықтар өмірде де кездеседі, сол қиындықтарды біз жеңе білуіміз қажет. Сен өз иығыңды тура табуың керек. Өзіңді таба білуің керек. Өйткені ол өзіңдікі, оны өзгерте алмайсың, сол сияқты сен өз ата-анаңды, жақындарыңды, достарыңды өзгерте алмайсың, ауыстыра алмайсың. Қандай болса да, ол сенің ата-анаң, ол сенің досың.
Тренингті қорытындылау:
«Ашулы шарлар» жаттығуы
Шарты: шеңбер болып тұрып, шарды үрлеп, оларды байлау. Шарлар адам денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды жаруы керек.
Жұпқа бірігеміз. Бір-біріңізге қарама қарсы орналасыңыз. Азғантай уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге тіке қарап, тыныш отырыңыз. Енді бір-біріңізге «Мен саған сенемін, өйткені…» деп сөйлемді жалғастырыңыз. Мысалы: «Мен саған сенемін, өйткені сен ешқашан маған жаман сөз айтпайсың». 1 сөйлемнен айтылады.
Рефлексия: Қазір не сезіндіңіз?
Сізге орындау қиын болды ма?
«Сиқырлы сандық» тренинг
Сиқырлы сандық (онын ішінде айна болады). Тренингті бастамас бұрын ең бірінші, өз-өзімізді айқындап алайық. Қазір сендер мына сандықты бір-бірінің қолдарына бересіңдер. Осы сандықты алған адам оны ашып, ішіне қарайсыз. Оның ішінде жан-жақты, ғажайып және қайталанбайтын бейнені көресіңдер. Оған күліп қарауларың керек.
Барлық қатысушылар сандыққа қараған соң, психолог сұрақтар қояды:
Қоштасу «Майшам» жаттығуы
Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.