«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі басқару ұйымы мектепте

25.02.2022

«Өзін-өзі басқару ұйымы»

-       Балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға  бағыттаған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын,өз бетімен ерікті, қоғамдық бірлестік

 Өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын жұмыстары:

 -        Интелектуалды сайыстар өткізу;

-        Мереке күндерін өткізу;

-        Мектепішілік  газет-журналдар шығару;

-        Іс-шараларға  жауапкершілікпен қатынасу;  

Өзін-өзі  басқару  ұйымының  қаулысы:

Жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.

Ұйым үнпарағы ай сайын шығарылып, мектепішілік іс-шаралар талданып, баспасөз беттері арқылы таралуы керек.

Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейту сынып әкімдеріне міндеттеліп, оны қатаң қадағалау Білім министріне жүктелсін.

Оқушылардың бой-бас тазалығы,оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылауда болуы Тазалық министріне тапсырылсын.

Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу Мәдениет министріне тапсырылсын.

Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту Спорт министріне тапсырылсын.

Оқушылар арасына келеңсіз жағдайларды болдырмау,сабаққа қатысу-қатыспауын қадағалап, мектепішілік тәртіпті бақылау Тәртіп министріне тапсырылсын.

Біріңғай талап ережелері 5-11 сынып оқушыларының барлығына міндетті деп саналсын және оқушылар ұйымының осы талаптарды қадағалау Ұланбасына және Ұланбасы көмекшісіне

Өзін –өзі  басқару  ұйымының

Мақсаты:Еліміздің  мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге  құштар, елінің  тарихынбілетін, тілін, дінін,  әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор  да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны  өзін- өзі басқарту  арқылы  қалыптастыру.

Міндеті: - қазақстан  Республикасындағы  « Тәрбие жұмысының  кешенді  бағдарламасы  мен Үздіксіз білім беру жүйесінің  тәрбие  тұжарамдамасына»  сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа  тәрбиелеу.

- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы  негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты  артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі  арттыру;

-  жастар бірлестігінің бағыттарына  байланысты  ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін  арттыру.

 Өзін –өзі  басқару жұмысында  табатын құндылықтар:

Адами ар –ожданы, иманжүзді азамат қалыптасу

Отбасындағы  жауапкершілік

Отан, туған өлкеге құрмет

Денсаулық, салауатты өмір

Еңбек, экономика

Білім , ғылым, өнер

Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре

Тіл шеберлігі, рухани байлық

Достық, жолдастық, қатынас

Просмотров: 895


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст