«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар есебі

15.02.2022

«Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де өткізілген

Ахмет Байтұрсынұлының  туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар есебі

 

2022 жылы ұлы ағартушы және қоғам қайраткері  Ахмет Байтұрсынұлының  туғанына 150 жыл толады. «Ахмет Байтұрсынов – дәуірдің  жарық  жұлдызы» – «Ахмет  Байтұрсынов – дәуір намысы  мен ар - ожданы». Ахмет Байтұрсынов Отаны мен халқына деген  сезімі өте жоғары болды.

Ахмет  Байтұрсынов – қазақ халқының бақытты болашағы үшін жанын қиған ақын, түркітанушы, аудармашы, ұстаз, публицист және өз Отанының  нағыз патриоты. Ахмет -  қазақ музыка өнерiне де терең көңiл бөлген ғалым. Әрi өзi  композитор да болған. Ақын жырмен қазақтың дүние есігін ашатынын, оның мәңгілік серігі екенін айтты. Қуанышта да,  қайғыда да қазақ  жанын жырмен төккен.

«Көңілін көтеруге құл халықтың» ,-  деп  халқының  болашағын болжап, көзін ашып көкірегін оятуға күш салған. Білім нәрін сеуіп, оқу-ғылым жолын бағыттаған ұлы ағартушы - педагог,  әдіскер - ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ширек ғасырға халық ғұмыры ұстаздыққа, бала оқытуға арналған.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Кең ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де арнайы  «Ахмет тағылымы» апталығының жұмыс жоспары құрылды. Ғалымның ғылыми мұрасын жан-жақты насихаттау мақсатында  тарих пәнінің мұғалімі Тасмаганбетова Ж.С. Ахмет Байтұрсынұлының бұрышын жасап, оқушыларға таныстырылым жасады. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Алясхарова Г.М. «Асыл дарын, алтын тұлға, ұлттың ұлы көсемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ұлы тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Бастауыш сынып мұғалімдері «Қазақ әліпбиінің атасы» атты оқушыларға арнап сынып сағаттарын өткізді. Сонымен қатар 1-9 сынып жетекшілері Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш  қайраткері туралы көркем, деректі ғылыми көпшілік және басқа да фильмдерді оқушылар арасында көрсетіп, өмірбаянымен таныстырды. Балабақша тәрбиешілері де «Ұлттың ұлы ұстазы» атты мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге арнап, бейнеролик көрсетті. Алдағы уақытта да ақынның мерейтойында осындай көптеген іс-шаралар өз жалғасын таба бермек....

Ахмет қазақ халқының бақыты үшін туған, мақтанышына айналған ұлы тұлға.  Ақын шығармашылығы – қазақ халқының өмірінің тұтас энциклопедиясы. Уайым мен ойды, күрес пен азапты өз тағдыры,  халық тағдырымен ортақ тағдыр етіп таңдаған Ахмет Байтұрсынұлын тарихымыз құрметпен еске алады.  Ахмет өмірі мен шығармашылығы  келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек...

 
Просмотров: 1542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст